• 24 ноября, 2024 2:32 пп

Жаңа экономикалық саясат бойынша Шымкент қаласының дамуы ілгері

Автор:admin

Апр 10, 2023

Мегаполистер арасында халықтың көп шоғырланған қалаларының бірі біздің Шымкент қаласы. Мұнда индустриалды-инновациялық бағдарламалар мен қатар экономикаға бағытталған бірнеше мемлекеттік стратегиялық жобаларда жүзеге асырылуда. 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050» Стратегиясын іске асыруға арналған орта мерзімді даму жоспары болып табылады. Ол жинақталған ұлттық жоспарлау тәжірибесіне сәйкес әзірленген және Қазақстан үшін жаңа жаһандық сын-қатерлер мен жаңа мүмкіндіктер ескеріле отырып, ең жаңа әлемдік жағдайларда дамыған 30 елдің қатарына кіру бағытын жалғастыруда. 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын алмастырады, ол жаһандық қаржы дағдарысының салдарын бәсеңдетті және экономиканың әртараптандырылған тұрақты өсуіне көшуді жеделдетті. Бүгінгі таңда 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары өзінің басты мақсаттарын орындады: Біз экономиканы өсіру мақсатына қол жеткіздік. Осы жылдың болжамды қорытындысы бойынша ЖІӨ көлемі қарай 41% өседі, бұл нысаналы мәнінен 7,7 пайыздық тармаққа жоғары. Халықаралық резервтердің көлемі Ұлттық қорды ескере отырып, ЖІӨ-ден 66,1% дейін өседі. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы елімізде 3 жылға 2016 жылы 72,3 жасқа дейін ұлғайды, бұл халықтың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту бойынша шаралардың нәтижелілігін көрсетеді. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 8,2%-дан 2,6% төмендеді. Біз TIMSS-2015 бастауыш білім беру сапасын бағалау рейтингінде көшбасшы елдердің қатарына кірдік, 2015 жылы PISA орта білім беру сапасын бағалау рейтингінде біздің оқушылар 2012 жылмен салыстырғанда, нәтижелерін 28-30 балға жақсартты. Ғылымды қажетсінетін экономиканы қолдау үшін 2015-2016 жылдары 117 инновациялық грант берілді, 45 стратап командасы акселерацияны аяқтады және 8 «Инновациялық технологиялар паркі» ЕЭА қатысушысы болды. Стратегиялық даму жоспарының негізгі бағдарламалық міндеттері мен нысаналы индикаторлары мерзімінен бұрын орындалды, қалғандары мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары арқылы іске асырылуда. Ал ел алдына жаңа амбициялық міндеттер қойылды. Стратегиялық даму жоспарын іске асыру басталғаннан бері Мемлекет басшысы орта мерзімді перспективаға арналған стратегиялық міндеттерді іске асыру тәсілдерін қайта қарауды талап ететін: «Қазақстан — 2050» Стратегиясы, Ұлт жоспары — 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам», «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауы мен «Қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласы сияқты стратегиялық сипаттағы маңызды саяси құжаттарға бастамашылық жасады. 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын орындау Үшінші жаңғыруды сәтті өткізу үшін қажетті шара болып табылады. Ол экономикалық өсудің жаңа моделіне өтуде Үкіметтің іс-қимылдарын суреттеп, нақтылайды. Ресурстық экономикадан түсетін пайданы жоғалтпай, таза экспортты ұлғайта отырып, технологиялар мен цифрлық шешім дер есебінен жаңа экономиканы құруға мүмкіндік береді.

Jsk ақпарат

Автор: admin