• 24 ноября, 2024 4:04 пп

Шымкентте мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жобалар жүзеге асырылуда!

Автор:admin

Апр 11, 2023

Биыл Шымкентте мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 34 млрд.теңге көлемінде инвестиция тартылып, 30 жоба іске асырылып жатыр екен. Атап айтқанда, білім беру – 2 жоба,  денсаулық сақтау – 6 жоба, спорт – 4 жоба,  абаттандыру – 15 жоба, төтенше жағдай – 1 жоба,  ауыл шаруашылығы – 1 жоба, басқа да  сала бойынша бір жоба атқарылып жатыр. Сонымен қатар, 54 млрд.теңгені құрайтын 8 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде инженерлік-инфрақұрылым – 4 жоба, көлік инфрақұрылымы – 2 жоба, спорт – 1 жоба,  денсаулық – 1 жоба. Шаһар басшысы нәтижесінде жеке инвестиция тарту арқылы 59,9 млрд.теңгеге бюджет жүктемесі төмендетілетінін мәлімдеді. Қалада бұқаралық спортты дамыту, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында тиімді іс-шаралар атқарылуда. Қала әкімінің бастамасымен алғаш рет қала мектептері арасында футбол, волейбол, баскетбол, шахмат спорт түрлерінен «Шымкент жастар лигасы» өткізілді. Жастар лигасына 140 жалпы орта мектептің 536 командасы қатысты. Ойындарға 8569 оқушы қамтылды. Сондай-ақ, Шымкент қаласында шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларында шұғылданушылардың санын арттыру үшін тиісті инфрақұрылымды және қосымша жұмыс орындарын көбейту мақсатында спорттық үйірмелерді жан басына шаққандағы қаржыландыру іске асырылуда. Бүгінгі таңда қалада 4096 балаға 71 спорт түрінен тегін спорт секцияларын ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен (жан басына шаққандағы қаржыландыру) 339,8 млн теңге қаржы бағытталды. Бұл көрсеткіш 2021 жылы жалпы бос балалардың қосымша спорттық секциямен қамту үлесінің 5,3 %-ын құрайтын болады. Айта кетейік, бүгінде қалада мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 5 спорт клубы жұмыс істейді. Әлемдік экономикада серпінді жылжуларды ескере отырып, 2025 жылға дейінгі кезең Қазақстан үшін стратегиялық сипатқа ие. Таяу жылдарда қай мемлекет жаңа сын-қатерлерді жеңіп шығатыны, ал қайсысы жеңіп шықпайтыны шешілетін болады. Жеңіп шыққандары, даму көшбасшыларының қатарына кіреді, жеңіп шықпағандары озық шешімдерді импорттай отырып, барлық туындайтын салдарымен әлемдік прогрестің шетінде қалып қояды. Қазақстан – ашық ел; Қазақстанның ұлттық экономикасы әлемдік экономикаға тығыз интеграцияланған. Сондықтан 2025 жылға дейінгі кезеңде экономиканы ықтимал сыртқы күйзелістерден қорғау және елдің жедел дамуы үшін жаңа факторларды қосуға озық өз герістер керек.

Jsk ақпарат

Автор: admin