• 24 ноября, 2024 6:16 пп

Ел ағасы атауына лайық азамат

Автор:admin

Сен 14, 2021
Осы биылғы сайлауда мен танымайтын елдің азаматы бар еді — Аширбаев Байкен.

Ел ағасы атауына лайық азамат 1

Нағыз мандат иесі сізсіз, құтты болсын деп парақшама салдым. Менің жағдайм керемет, мен депутат болдым, сен кім едің деген жоқ, телефонымды сұрап тауып, хабарласып рақметін айтты. Ойпырмай, ұлық болсаң кішік бол деген дана халқымыздың сөзін ұстаным еткен екен деп бір түйіп қойдым!

Әр елдің бір бетке ұстап сыйлайтын азаматы болады. Ол ісімен, ақылымен көзге түседі. Әйтпесе мен осындаймын дегенге халық иіле бермейді. Жалпы Байкен ағаны Забадам мен Жұлдыздың халқы, еңкейген қарты мен еңбектеген баласына дейін таниды. Неге? Байкен аға-атымтай жомарттың қазіргі бейнесі. Алдына келген кісінің тілегі орындалып жатады дейді. Ауылдың көпірі, көшенің жөнделуі сияқты жұмыстарды халық қалаулысы болмай-ақ шешіп, сол депутат мандатынсыз да талай игі шаралардың бел ортасында жүрген азамат. Туған жерін түлету, байсалды мінезімен, ақыл-парасатымен жастарға тәлім-тәрбиесін беріп,қыран құстай баули біліп, ұлағаттылығымен сыйлы болып жүр. Өзі салдырған спорт алаңдарында қаншама жас орта буын бұқаралық спорт түрлерінен жаттығып жүр.

Ел ағасы атауына лайық азамат 3

Ол депутат болғанша жасаған жұмыстары. Бір қолым жасаған жақсылықты екінші қолым білмесін дегендей, пандемияның кезінде, ораза кезінде мен білетін қаншама игі амалдары бар.

Қазақта “Ел сыйлаған есікте отырмайды” деген сөз бар. Елге сыйы да, қадірі де жетіп артылатынын бәріміз де білеміз.

Адам ғұмырының мән-мағынасы оның елі мен халқы үшін тындырған игілікті істерімен өлшенетіні, халыққа қызмет етіп, құрметке бөлену—үлкен абырой екені баршамызға белгілі дүние.

Байқаймын, депутаттық мандатын да, жиындарда өз ойын ашық та ұтқыр айтумен көзге түсіп жүр…

Жақында Шымкенттің иммиджін көтеріп, көңілге ой, көзге жас беретін құнды дүниенің авторы, сондай-ақ продюссері болды. Қысқа метражды фильм бәріміздің көңілімізде жүрген ойды дөп басты.

Ел ағасы атауына лайық азамат 5

Жылдан-жылға шырайы асып, қанаты кеңейіп, өрісі өсіп, келбеті көркейіп келе жатқан Шымкенттің әр бір тұрғыны үшін, осы фильм жүрекке жетті деп ойлаймын.
Өзім танысқан сәттен, жұрттан естігенімдей, биіктен қарайтын емес,қайта кісіліктің үлгісі—мейірбандық шуағы мол,аузын ашса жүрегі көрінетін нағыз ақжолтай ағалығына көзім жетті.

Байкен аға, осы биігіңізде қалыңыз! Абырой беделіңіз аса берсін!

Жақсының жақсылығын айтқаным болсын.

Автор: admin