• 22 ноября, 2024 10:03 пп

Биыл Қазақстанның жетекші банкі маңызды тарихи межеден өтеді: 100 жыл бұрын 1923 жылдың қазан айында Ақтөбеде жүйе құраушы қаржы институтының негізі қаланған алғашқы жинақ кассасы ашылды. Дәл осы күн Қазақстанның бүкіл банк жүйесінің туған күні болып саналады.

Банктің тарихы еліміздің қалыптасу тарихымен тығыз байланысты деп айту артық болмас. Өз Отаны мен халқының игілігі үшін жұмыс істей отырып, Halyk жергілікті сақтандыру банкінен аймақтық көшбасшыға дейін өсті. Бүгінгі таңда банк ел өмірінде маңызды рөл атқаратын республиканың ірі қаржы тобының өзегі болып табылады. Halyk Қазақстан экономикасының нақты секторының негізгі кредиторы болып табылады, сол арқылы гүлденген қоғам орнатуға өз үлесін қосып келеді деп айту жеткілікті.

Өзінің жүз жылдық мерейтойын Halyk Bank Қазақстан халқымен бірге атап өту дәстүрін жалғастыра отырып, «100 игі іс» іс-шарасын іске қосты. 2023 жыл бойы банк Қазақстанның барлық өңірлерінде ауқымды әлеуметтік жобаларды іске асыратын болады.

Halyk банктің директорлар кеңесінің төрағасыАлександр Павлов: «Жүз жыл бұрын шағын жинақ кассасының ашылуымен халықпен жұмыс істеуге бағытталған заманауи банк жүйесінің іргесі қаланды. Бүгін күні сол бірінші Ақтөбе жинақ кассасының мұрагері Halyk – еліміздің барлық өңірлерінде ғана емес, Өзбекстанда, Грузияда, Қырғызстанда да жұмыс істейді. Банк халық салымдарының едәуір үлесін – 5,14 триллион теңгені шоғырландыра отырып, қоғамның жоғары сеніміне ие болып отыр, оның белсенді клиенттеріжеке тұлғалар саны 9 млн адамнан асып, Қазақстанның ірі компанияларының 80%-ына қызмет етіп келеді. Еліміздегі барлық ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын біздің банк қаржыландырады. Бұл банктің жүз жылда жүріп өткен жолының айқын дәлелі», – деп атап өтті.

Halyk банктің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова да: «Ежелден Көктем жаңару уақыты, жаңа өмірдің бастауы іспетті. Сондықтан біз Halyk банктің жүз жылдық туған күнін қалай атап өтетінімізді осы көктем мезгілінде жариялауды жөн көрдік. Біз үшін әрбір қазақстандықтың әсем әрі бейбіт елдің мәдениеті мен дәстүрлері үйлесімділігінің бір бөлшегі екенін сезінуі өте маңызды. Іс-шара «100 жыл халықпен бірге» ұранымен өтеді. Бұл біздің халықпен ынтымақты бірлікте болуға деген ұмтылысымызды толық көрсетеді, әрі қарай дамуға күш беріп, жігерлендіреді. Біз өз тарихымызда ешқашан сырттай бақылаушы болған емеспіз және оны мақтан тұтамыз. Біз қиын сәттерде көмек қолын созып, жеңістеріміз мен жетістіктерімізді қуана бөлісіп келеміз. Halyk банк – елімізбен бірге дамып, халықтың сенімді серігіне айналды. Halyk банк халық үшін қызмет етеді», – деп өз ойын білдірді.

Автор: admin