• 26 ноября, 2024 3:55 дп

ШЫМКЕНТ: АБАЙ ЖӘНЕ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДАРЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫНЫҢ АТАУЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Автор:admin

Май 9, 2023

Шымкент қаласындағы этнос өкілдері тығыз шоғырланған 23 тұрғын алаптардағы кәсіпкерлік нысандарына Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау және зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Қазақстанның қазіргі тарихында экономикалық қайта құрудың өзіндік, оңтайлы моделін құрудағы мемлекеттің рөлін зерделеу маңызды орын алады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті 1997 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан экономикасы қалыптасуының екінші кезеңінің басталуын (1998-2005 жж.) белгілеген ел болашағының пайымын ұсынды. Инновациялық əрекеттiң дамуы ғылымға деген нарықтық сұраныс, интеллектуалдық меншiк нарығының дамуы үшiн жоспарланған стимулдың жеткiлiктi талдануы, елдiң қауiпсiздiгi мен экономикалық өсуiн қамтамасыз етуге бағытталған заң жобасында инновациялық əрекет басымдылығы анықталған, сонымен қатар инновациялық саясатты iске асыру механизмi ашық көрсетiлген.

Бұл əрекеттерді жабдықтайтын қаржы ұйымдарына, кəсiпорындарына қандай протекциялар, қандай жеңiлдiктер берiлетiндiгi, бағыттау механизмi қандай болмақ, бұл мәселенің барлығы елімізде шешімін тапқан. Технологиялық қайта жарақтауды қамтамасыз ететiн, өз еркi мен кiрiс енгiзу есебiнде жұмыс iстейтiн технологиялық дамуды қолдау қоры жұмыс істеуде. Бiздiң елiмiзде инновациялық əрекет заң жобасының мазмұны негiзiнде мемлекеттiк сұраныс жəне мемлекет қаржысы арқылы iске асады.

Осы орайда, бекітілген кестеге сәйкес, қалаға қарасты Абай ауданы бойынша этнос өкілдері тығыз шоғырланған тұрғын алаптарда, атап айтқанда:  Бозарық, Қатынкөпір, Қызылжар, Қайнарбұлақ, Тұрлан, Ынтымақ, Ынтымақ — 2 , Әл-Фараби ауданы бойынша Ескі қала шағын ауданындағы кәсіпкерлік нысан иелеріне, барлығы 216 кәсіпкерлік нысандарына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының  «Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» КММ және қалаға қарасты бес аудан әкімдіктерінің қызметкерлерінен   патрульдік топ құрылған.

Топ тарапынан  қолданыстағы заң талаптарын сақтамаған 117 кәсіпкерлік нысандардың иелеріне арнайы  парақшалар таратылып,  ескертулер берілді. Қолданыстағы заңның тиісті дәрежеде сақталуына бағытталған жұмыстар жалғасуда.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin