Оқу-ағарту министрлігі: Ата-аналардан салтанатты іс-шараларды өткізуге ақша жинауға болмайды
15 мамыр, 13:17
Шымкент, Jsk.kz . «Сынып сағаттарын, аттестат тапсыру, соңғы қоңырау шараларын өткізген кезде педагогикалық этиканы сақтау және сыбайластық құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан іс-шараны өткізуге, аниматорларды, мерекелік кеш ұйымдастыратын агенттіктерді, жеке студияларды жалдауға, мектеп әкімшілігіне, педагогтерге сыйлыққа ақша жинауға жол берілмейді», — деді ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова.