• 23 ноября, 2024 4:28 пп

Электр энергиясын тұтынушылар толық көлемде жабдықталған

Автор:admin

Окт 14, 2021

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті Шымкент қаласының энергия кәсіпорындары штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлайды. Электр энергиясын тұтынушылар толық көлемде жабдықталған. Ағымдағы жылғы 14 қазандағы жедел ақпаратқа сәйкес электр энергиясын ажыратылған тұтынушылар жоқ.
Сондай-ақ, 2021 жылғы 14 қазандағы жағдай бойынша жедел ақпаратқа сәйкес: «3-Энергоорталық» АҚ – да электр энергиясын өндіру 74 МВт құрайды және жұмыста № 1 — қазан мен № 1-турбина.
Сонымен қатар, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС энергия беруші ұйымдары мен «KEGOС» АҚ «Оңтүстік жүйеаралық электр желілері» филиалы авариясыз режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз.

Автор: admin