• 23 сентября, 2024 2:35 пп

ТАУАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУШІ 6 КӘСІПОРЫНҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Автор:admin

Июн 2, 2023

Жалпы кәсіпкерлік дегеніміз тәуекелге бел буып жасалынатын экономикалық әрекет, тауарларды өндіру және сатудан, іс-шарадан, көрсетілген қызметтерден, істелген жұмыстардан жүйелі пайда алуға бағытталған дербес қызмет. Кәсіпкерлік қызмет, көбінесе, адамның жеке басымен, кәсіпкермен байланысты. Ол тәуекелге бел буып,жаңа істі қолға алып өз өнімін өндіріп, қызмет көрсетеді. Мемлекет басшысы шағын және орта бизнестің кез келген елдің экономикалық жағынан өсуі мен өркендеуінің негізі екенін өте жақсы біледі. Ал бұл тектес кәсіпорындар өз ретінде орасан зор ақша айналымы мен жұмыс орындарын жасап қана қоймайды, сонымен қатар өндіріске жаңа технологияны енгізіп, бизнесті жүргізудің соны тәсілдеріне батыл қол создырады. Биыл «Еңбек» бағдар­ламасы шеңберінде «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіз­дерін оқыту жобасы бойынша 3,1 мыңнан аса жұмыссыз және ісін жаңа бастаған кә­сіпкерлер білім алды. Өткен жылдары аяқтағандарды ес­кере отырып, жоба бойынша оқытылғандардың ішінен 1 600 шамасындағы бизнес-жобаға мемлекеттік бағ­дар­ламалар аясында грант­тық қаржыландыру жа­са­лып, кәсіпкерлерге жеңіл­де­тілген несие берілді.  Қала аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші 45-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың негізгі бағыты ұн, макарон, ірімшік, сары май, айран, шұжық, консерві өндіру. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыру мақсатында биылғы жылы 3 сүтті қайта өңдеуші кәсіпорындар іске қосылады. Қазір «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» бағдарламасы арқылы сүтті қайта өңдеп қатты ірімшік пен сары май өндіруші 6 кәсіпорынға мемлекеттік қолдау көрсетіліп, жыл сайын өнімдердің қуаттылығы артты.  Сондай- ақ, Шымкент қаласының Қайнарбұлақ тұрғын алабы ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша жалпы ауданы 132 гектар «Бозарық» тамақ өнеркәсібінің индустриялық аймағын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылатын индустриялық аймақтың инженерлік-инфрақұрылымдық желілерін биыл аяқтау жоспарлануда. «Бозарық» өндірістік аймағы іске қосылған жағдайда құны 18 млрд. теңгені құрайтын 27 инвестициялық жобалар жүзеге асатын болады.

Jsk ақпарат

Автор: admin