• 23 сентября, 2024 12:22 пп

ШЫМКЕНТКЕ 134, 2 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ          

Автор:admin

Июн 3, 2023

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында айқындалған әлеуметтік-экономикалық саясаттың міндеттері мен басымдықтарын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жүйесі шеңберінде
Шымкентке инвестиция тарту жұмыстарын жүйелендіріп, экономикаға айрықша көңіл бөліну үстінде. Экономиканың өсу құралдарының бірі мемлекеттік қолдау болып табылады. Өткен жылы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға 191,8 млрд. теңге бөлінді немесе 2020 жылмен салыстырғанда 9,5%-ға артық, оның ішінде Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыруға 11,8 млрд. теңге бөлінді. 67 іс-шара бойынша жұмыстар аяқталды. «Дипломмен – ауылға» жобасы шеңберінде 245 әлеуметтік сала, агроөнеркәсіптік кешен мамандарымен ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері тұрғын-үй сатып алды, 401 маман көтерме жәрдемақы алды. Бүгінде климаты жағымды, географиялық орналасуы оңтайлы, еңбекқор халқы бар Шымкент инвесторлар үшін өте қолайлы қалаға айналып отыр.  Инвестақуалды жақсарту мақсатында атқарылып жатқан кешенді шаралар да шетелдік бизнес өкілдерінің республикадағы үшінші қалаға қызығушылығын арттыруда.                         Осы бағытта қолға алынған қыруар жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылдың 4 айында қала экономикасына                   134,2 млрд. теңге инвестиция тартылды.  Көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20,1%-ға артып отыр. Сондай-ақ, жыл соңына дейін 721,7 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Осылайша биылғы көрсеткішті алдыңғы  жылмен салыстырғанда                         32%-ға арттыру  көзделуде. Мегаполис экономикасына өткен жылы 148,7 млн. АҚШ долларына тікелей шетелдік инвестициялар тартылған болатын. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібіне тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі — 161,3 млн теңгені құрайды.  Жалпы, 2023-2027 жылдар аралығында қаламызда жүзеге асырылатын құны 1,7 трлн. теңге құрайтын                        227 инвестициялық жобалардың  пулы жасалған.Оның ішінде, шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2670 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін  10 жобаның іске асырылуы жоспарлануда. Олардың ішінде тұрғын үйлер салу, құрылыс материалдарын өндіру,  синтетикалық иірілген жіп және мата өндірісіне қатысты ауқымды жобаларды айрықша атап өтуге болады. Инвестиция тарту мәселесі — тікелей қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бақылауында. Жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін бүгінде барлық бағытта кешенді шаралар  жүргізілуде.

Jsk ақпарат

Автор: admin