• 23 сентября, 2024 8:17 дп

Шымкенттің өнімдері еуропалық стандарттарға сәйкес!

Автор:admin

Июн 6, 2023

Болашақта қандай экономикалар бәсекеге қабілеттілік рейтингінде жоғары орындарды алады және ұлттық экономика үшін бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдарын табу қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдері үшін маңызды проблема болып отыр. Осыған байланысты, кез келген мемлекет әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыстан кейін әлемдік даму болашақта қандай бағытпен жүретіндігі туралы ортақ пікірдің болмауы кезінде осы белгісіз болашақта ұлттық бәсекеге қабілеттілікті көтеру стратегиясын дайындауы қажет. Бұл мәселені дағдарыстан кейінгі уақытқа қалдыруға болмайды, себебі бәсекеге қабілеттілікті арттыру проблемасы кез келген елдің дамуы үшін ең маңызды мәселенің бірі – тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуымен, халық өмір сүруінің жоғары деңгейімен тығыз байланысты. Қазіргі уақытта бәсекеге қабілеттілік мәселесімен көптеген танымал экономистер және 100-ден астам әлем елдерінің ұлттық институттары көмектесетін ірі халықаралық институттар айналысады. Мәселен, машина жасау саласында трансформаторлар өндіретін «Asia Trafo» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаңа зауыты 2019 жылы іске қосылған. Зауытта Швейцария мен Германияның озық еуропалық заманауи технологиялық жабдықтары орнатылған. Өндірісті басқару жүйесі толығымен  автоматтандырылған. Компанияның өнімдері барлық еуропалық стандарттарға сәйкес келеді. Өндірілген өнімдердің 60 пайызы ішкі, ал, 40 пайызы сыртқы нарыққа шығарылады екен. Шымкенттегі алғашқы индустриалды аймақ көп ұзамай өзін-өзі ақтай бастады. Алғашқы 5 жылдың өзінде мұнда 35 кәсіпорын жұмысын бастаса, бүгінде бұл көрсеткіш 72-ге жетіп отыр. Индустриялды аймаққа жалпы 62 миллиард теңге инвестиция тартылған. Қазіргі таңда онда 4500 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Осылайша, «Оңтүстік» индустриалды аймағының территориясы сұранысқа ие тауарлар өндіретін бәсекеге қабілетті кәсіпорындармен толып отыр. Олардың арасында құрылыс материалдарын, өндірістік электр құралдарын, мотор майын және өзге де тауарлар өндіретін заманауи кәсіпорындар бар.

Jsk ақпарат

Автор: admin