• 23 сентября, 2024 8:28 дп

Шымкентте 28 инвестициялық жоба іске аспақ!

Автор:admin

Июн 6, 2023

Қала аумағында 2 индустриялық аймақ пен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуде. Аталған аймақтарда 6 мыңнан аса жұмыс орнын құрумен 124 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінде оның 4 мыңнан аса жұмыс орнын құрумен 84 жобасы іске қосылған. Бұл индустриялық аймақтардан 1,3 млрд теңге салық түсімі түскен. Ал «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта жер көлемін кеңейту жұмыстары жүргізіліп, 208 жаңа жұмыс орнымен 6 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Оның 2 жобасы осы жылдың ақпан айында аяқ киім табандарын шығару жобасы мен маусым айында А3, А4, А5 форматты қағазөндірісі жобасы іске қосылып, 48 адам жұмыспен қамтылды. Береке Талғатұлының айтуынша, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 95 кәсіпорыннан өтініш түскен. Ал инвестиция жайын жеткізсек, өткен жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша қалаға 129,5 млрд теңгеге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 125,1 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар қала аумағында 2020-2024 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 1,3 трлн теңгені құрайтын 113 инвестициялық жобалардың базасы жасақталған. Жоба жүзеге асса, 9500-ден аса жұмыс орындары ашылады. Ал осы жылы құны 90,7 млрд теңгені құрайтын 28 инвестициялық жоба іске асырылып, 2000-ға жуық жаңа жұмыс орындары ашылады. Айта кетейік, бүгінде қалаға инвесторларды тарту мақсатында аумағы 306 гектарды құрайтын жаңа «Жұлдыз» индустриалды аймағы құрылуда. Қаланың өндірістік әлеуетін арттыруда жаңадан 2 индустриалды аймақтың құрылысы басталған. Оның ішінде «Жұлдыз» идустриалды аймағында құрылыс, металлургия, фармацевтика, жиһаз өнеркәсібі шоғырланатын болады. «Стандарт» жеке индустриалды аймағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өндірістік алаңы ретінде қызмет көрсетпек. Мұнда заманауи қоймалар, шағын өндірістік цехтар ашылатын болады. Тамақ өндірісі саласында ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуге басымдық берілді. Бұл бағытта «Бозарық» тамақ өнеркәсібі аймағының инженерлік жүйелері жүргізілуде. Мұнда 23 млрд.теңгені құрайтын 1 800 жұмыс орнымен 20-дан астам жоба іске асырылады. Қосымша 198 гектар жерге агроиндустриалды аймақ құру жоспарланды. Мұнда өнеркәсіптік жылыжай кешендері салынады. Қалалық орта болуымызға қарамастан, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін биыл 37 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған. Бұл жылы жылыжай, қарқынды бау, мал бордақылау, ет өңдеу бойынша 15 инвестициялық жоба жүзеге асты. Жыл соңына дейін осы санаттағы тағы 10 жоба іске қосылмақ. Шымкенттің өндірістік қуатын құрайтын бұл жобалар ішкі нарықты отандық мазмұнды құрайтын өнім түрлерімен толықтырылып, Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға қызмет етпек. Шымкентте шығатын өнімдер көрмесі алдағы уақытта тұрақты түрде өтетін таныстырылымдық сипаттағы алаң ретінде қызметін жалғастырады. Оның аясында дайын өнімдерді өткізу нарығын қарастыру, экспортқа бейімделген тауар түрлерін ілгерілетуге мүмкіндіктер ашу, шығарылған өнімдердің СТ-KZ отандық сапа стандарты талаптарына сай болуын ұйымдастыру, іскерлік байланыстарды арттыру міндеттері бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Jsk ақпарат

Автор: admin