• 23 сентября, 2024 6:37 дп

Шымкент қаласының экономикалық белсенді халқының 30%-ы орта және шағын бизнесте жұмыс істейді.

Автор:admin

Июн 7, 2023

Мәліметке сәйкес 72 598 кәсіпкерлік субъектісінде 160,9 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл дегеніміз Шымкент қаласында кәсіпкерлікті дамытып және сол арқылы жұмыссыздықпен күресуге негіз бар деп айтуға болады. Әрине, «Бизнестің жол картасы – 2020» және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» бойынша жұмыс жүргізілуде. Алайда, жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы халықты толықтай жұмыспен қамтуға жетпейді. Сонымен қатар, тұрғын үй кешенін салған соң 430 мың шаршы метр қамтитын үй-жай беріледі. Соның ішінде 23 302 шаршы метр коммерциялық кеңістік бөлінеді. Бұл Шымкент қаласында жаңа шағын және орта бизнес кәсіпорындарының ашылуы және сол бизнесте біршама жұмыс орнының пайда болуына себепкер болатыны анық. Сонымен қатар қаланы дамытуда экологиялық тұстарына да мән беру қазіргі заманның талабы. Қазір ипподром орнында 1,5 га ағаштар отырғызылған. Жаңа кешеннің аумағында 20 га жасыл желектер отырғызылады деп күтілуде. Сондықтан жобаға қарайтын болсақ тұрақты дамудың үш тағанын толық ескергенін байқауға болады. Ол: экономика, әлеуметтік жағдай және экология. Кез келген қаланы дамытуда осы негізгі құндылықтар ескерілсе ол қаланың болашағы жарқын болып, тұрақты даму жолына түсетінін әлемдегі озық қалалар дәлелдеп отыр. Ең маңыздысы жобадағы шарттардың орындалуын халық бақылауда ұстау қажет деп есептейміз. Шымкент қаласының басқа аймағынан салынатын жаңа ипподром да BI Group компаниясының есебінен салынуы, сонамен қатар жобада көрсетілген бірнеше әлеуметтік нысандар мектеп, емхана, ортопедиялық ауруларды емдейтін реабилитациялық орталықтар қала бюджетінің қаражатын үнемдеп, дағдарыстық кезеңде басқа бағыттарға жұмсауына мүмкіндік береді.

Jsk ақпарат

Автор: admin