• 23 сентября, 2024 4:21 дп

Шымкентте бірқатар кәсіпорын ашылды!

Автор:admin

Июн 8, 2023

Бүгінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік саясат аясында Шымкентті индустриалды қала ретінде да­мытуға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл бағытта мемлекет тарапынан қабыл­дан­ған «Бизнестің жол картасы-2025», «Қара­пайым заттар экономикасы» және «Еңбек» нә­тижелі жұмыспен қамту бағдарламалары та­бысты іске асып келеді. Бұл қала эко­но­ми­касының дамуына үлес қосып, халықты жұ­мыс­пен қамтуға, тұрмысын жақсартуға мүм­кіндік береді. Іске қосылған кәсіпорындардың қа­та­рын­да жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өн­ді­ре­тін SAGITEX GROUP ЖШС фабрикасы бар. Жобаға 337 млн теңге инвестиция тартылған. Жы­лына 400 000 дана ішкиім өнімдерін тігіп, са­тылымға шығаруды жоспарлап отыр. Өн­діріс орны үшін «Оңтүстік» арнайы эко­но­ми­калық аймақтан 1 гектар жер берілген. Мұн­да әзірге 11 адам жаңа жұмыс орнымен қам­тылған. Сонымен қатар осы күні автомобиль шы­ныларды жасап, монтаждаумен айналысатын «Балкибеков» ЖК жұмысын бастады. 20 жұмыс орны ашылған кәсіпорынға 40 млн теңге инвестиция тартылған. Енді мұн­да жыл сайын 5 000-нан аса шыны шы­ғарылатын болады. Мереке қарсаңында ашылған зауыттың бірі – KASPY STEEL ЖШС. Металл бұйым­дарын құюмен айналысатын кәсіп­орын­да 40 адам жұмыспен қамтылып, инвес­тиция көлемі 400 млн теңгені құраған. Кәсіп­орын­ның өндірістік қуаты жылына 1 000 тон­налық металл өнімдерін шығаруға мүм­кіндік береді. Ал TABA INDUSTRIAL ЖШС «Тассай» ин­­­­дустриялық аймағында орналасқан. Жобаға 498,8 млн теңге инвестиция тартылып, 65 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілген. Мұнда жылына 150 000 дөңгелек, 300 000 бақ­ша арбасы, 60 000 баспалдақ шығарылатын болады. Осы күні «СК-АЙМАҚ» ЖШС шкаф жиһа­зы өнімдері мен құрылымдары өндірісін іске қосты. Кәсіпорын жобалаудан бас­тап дайын өнім шығаруға дейін толық тех­нологиялық циклын жүзеге асырады. Жобаның инвестиция көлемі – 500 млн теңге, онда 50 жұмыс орны құрылған. Жобалық қуаттылығы жылына 7 000 жиһаз өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру үшін «Тассай» индустриялық айма­ғынан 1,8 гектар жер бөлініп отыр. Айта кетейік, бүгінде «Тассай» ин­дустриялық аймағында жалпы құны 28,1 млрд теңгені құрайтын 18 жоба іске асырылып, онда 800-ге жуық жұмыс орны ашылған. Аталған жобаларға «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар эко­номикасы» бағдарламалары аясында қолдау көрсетілген. Жыл соңына дейін қосымша 70 жаңа жұмыс орнымен 2 инвестициялық жоба іске қосылатын болады. Ал «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында бүгінге дейін 2 293 жаңа жұмыс орнымен 26 жоба жүзеге асы­рылған. Жыл соңына дейін 12 млрд теңгеге 5 жобаны іске қосып, 290 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Jsk ақпарат

Автор: admin