• 23 сентября, 2024 2:20 дп

Шымкентте көптеген оң өзгерістер болып, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жақсаруда.

Автор:admin

Июн 9, 2023

Күннен күнге қала көркейіп, қала тұрғындары мен қонақтарына жайлы жағдайлар жасалып жатыр. Қала бюджеті республикалық мәртебе алғанша 133 млрд. теңге болса, 2020 жылға 319,5 млрд. теңгеге артты. Қазір қала бюджеті 452,5 млрд. теңгеден асып отыр, оның 47 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған. Шымкент қаласы — ірі өнеркәсіптік орталық. Өңірдің өнеркәсіптік өндіріс саласының дамуы ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарына сәйкес жүзеге асырылып келеді.Қала өнеркәсібінің құрылымында тамақ, мұнай өңдеу, фармацевтика, металлургия, құрылыс материалдар өндірісі, жеңіл,машина жасау, химия салалары басым дамыған. Өнеркәсіпте 70-тен астам ірі, орта кәсіпорындар мен 600-ден астам шағын кәсіпорындар жұмыс жасайды. Оның ішінде қала экономикасына ауқымды үлес қосатын мұнай өңдейтін «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, дәрілік препараттар өндіретін «Химфарм» АҚ, өсімдік май шығаратын «Шымкентмай» АҚ, цемент өндіретін «Шымкентцемент» АҚ және «Стандарт Цемент» ЖШС, металлургия саласында «Shymkent Temir» ЖШС және «Амир-А» ЖШС, машина жасау саласында «Asia Trafo» ЖШС, «Электрокомплект-1» ЖШС, «Karlskrona LC AB» ЖШС, жеңіл өнеркәсібінде «AZALA Textile» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС және т.б. көптеген кәсіпорындарды атап өтуге болады. Бұл кәсіпорындардың өнімдері тек қала тұрғындарына ғана емес, сондай-ақ республика көлемінде кеңінен танымал. Сонымен қатар, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, шағын және орта бизнесті дамыту үшін, кәсіпкерлерге қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қаламызда «Оңтүстік» және «Тассай» индустриалық аймақтары мен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеп келеді. Кәсіпкерлерге инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға индустриялық аймақтарда толық инфрақұрылымы салынған жерлер ұсынылса, арнайы экономикалық аймағында оған қоса салықтық жеңілдіктер қарастырылған.

Jsk ақпарат

Автор: admin