• 23 сентября, 2024 2:31 дп

Шымкентте шағын және орта бизнесті қолдау шаралары жалғасуда!

Автор:admin

Июн 10, 2023

Шағын және орта бизнесті қолдауда маңызды саналатын бағдарлама елімізде осы жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылуда. Қарапайым адамдардың төмен пайызбен жеңілдетілген несиеге қол жеткізуін арттыруды көздейтін бағдарлама жиында жан-жақты түсіндірілді. Бағдарламаның жаңалығы сол, несиелер бар болғаны алты пайызбен беріледі, әрі барлық салаға қаржы қарастырылған. Мамандардың сөзінше, несиені кез келген азамат — бизнесін бастағандар да, енді жоспарлағандар да, қала берді жұмыссыз жүргендер де ала алады. Ал, несиені алу үшін тұрғындарға өңірдегі екінші деңгейлі 6 банкке барып, құжат рәсімдеуі қажет. Кепілдемеге қоятын мүлкі болмаса, «Даму» қоры 85 пайызға дейін кепілдеме бере алады. Бұл мақсатқа бүгінде облысқа екінші бағыты бойынша 2 млрд 476 млн 400 мың теңге аударымдар бөлінген. Олардың бәрі екінші деңгейлі банктерге түскен. Қазірдің өзінде осы қаражаттар есебінен 8 жобаға 97 млн теңге беріліп отыр. Тағы 500 млн теңгенің жобаларына қаржы беру туралы шешім қабылданған. Ал, несиенің максималды сомасы — 8000 АЕК немесе шамамен 18 миллион теңгені құрайды. Кездесуде екінші деңгейдегі банктер мен «Даму» қорының өкілдері кредиттеудің шарттары мен тәртібі туралы толық ақпарат берді және кепілдік алу схемасын көрсетті. Кәсіпкерлер қызығушылық тудыратын сұрақтарға жауап алды. Жол карталардың шеңберінде 76 гектар жер теліміне «Жұлдыз» индустриалды аймағының құрылысы жоспарлануда, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағын 200 гектардан 500 гектарға дейін кеңейту жоспарлануда. Нәтижесінде қосымша 30 өндірістік кәсіпорындармен 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бар. Шағын кәсіпорын өзінң шаруашылық іс-әрекетін басты жағдай- жоспарлау. Шағын кәсіпорн өзінің жеке пайдасын арттыру мақсатында,және кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігіне қарай сұраныс бар тауарлар шығару мен қызметтер  атқару үшін, өзінің  әлеуметтік даму негізінде жұмыстарын алдын ала жоспарлау керек.

Jsk ақпарат

Автор: admin