• 20 сентября, 2024 5:52 пп

Шымкентте кәсіпкерлер үшін мемлекеттік бағдарламалар жүйесі қалыптасты!

Автор:admin

Июн 13, 2023

Еліміздің үшінші мегаполисінде «Бизнестің жол картасы-2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Мен кәсіпкер боламын» мемлекеттік бағдарламалары қаладағы бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі драйвері. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шағын және орта бизнес шаһар экомикасының локомотиві екенін айтып келеді. Шымкентте өнеркәсіп саласы өткен жылы кәсіпорындарымен 785,4 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өңдеу өнеркәсібінде 679,1 млрд. теңге көрсеткіш көрсетіп,  алдыңғы жылғы көрсеткіштен 5,0 пайызға өскен. Оның ішінде:

  • мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 7,8 %;
  • жеңіл өнеркәсібі 2,7 %;
  • сусындар өндіру 13,1 %;
  • химия өнеркәсібіндегі өнім көлемі 1,9 %;
  • дайын металл бұйымдарын өндіру 28,2 %;
  • машина жасау 42,8 %;
  • қағаз өндіру 13,0 %-ға өсті. Шағын және орта бизнес өндірген өнім көлемі 103 пайызға артқан. Шаһарда өткен жылы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 7,7%-ға өскен. Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Әзімбердиевтің мәліметінше, 2021 жылдың қорытындысы бойынша біршама көрсеткіштерде өсім байқалады. ШОБ субъектілерімен өндірген өнім көлемі – 1 097,5 млрд. теңге, өсім 103,2% құрады; жалпы өңірлік өнімдегі ШОБ үлесі – 41,3% жетті, 2020 жылы бұл көрсеткіш 34% құраған. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өткен жылы жалпы 2 525 жоба қолдау тапқан. Оның ішінде:

— сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бойынша — 1 357 жоба;

— ішінара кепілдендіру бойынша — 1 126 жоба;

— жаңа бизнес идеяларға мемлекеттік гранттар беру бойынша 39 грант берілді;

— өндірістік инфрақұрылымды жеткізу бойынша — 3 жоба. Мегаполисте шағын және орта бизнесті дамыту шаралары жыл өткен сайын жалғасын тауып, қалада кәсіпкерлер санының артуына септігін тигізіп келеді.

Jsk ақпарат

Автор: admin