• 20 сентября, 2024 3:44 пп

ШЫМКЕНТ: «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» БОЙЫНША 79 ЖОБА ҚОЛДАУ ТАПТЫ

Автор:admin

Июн 13, 2023

Шымкент қаласында өткен жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында несие сомасы 74,5 млрд. теңгені құрайтын 79 жобаға қолдау көрсетілді. –«Еңбек» бағдарламасымен 74 шағын несие, 784 грант берілген. «Бизнес-бастау» жобасы бойынша 2 095 адам оқытудан өтті. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 674,5 млн.теңгеге 65 шағын несие берілді. Бұл жылы шағын және орта бизнесті дамыту және қолдауға 15,6 млрд. теңге қарастырылып отыр, бұл қаражат «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде мынадай бағыттар бойынша іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, банк несиелерін субсидиялау және кепілдендіру – 2 000 жоба; мемлекеттік гранттарды ұсыну – 1 190 жоба. Ішкі нарықты отандық тауарлармен қамту бір-екі жылмен шектеліп қалмайтынын сарапшылар ғана емес, кәсіпкерлер де айтады. Шымкенттік кәсіпкер Махам­бет Асабаев он жылдан бері құрылысқа арналған қолғапты шығарумен айналысып жүргенін, нарықта үлес үшін тартыс «тар жол, тайғақ кешумен» бірдей екенін айтады. Тауарға пайдаланатын шикізаттың 90 пайызы елде шығарылса ғана отандық тауар болып саналады. ҚЗЭ бағдарламасы шеңберінде дайындалған тауарларды қазақстандық өнім деп танудың өзі күрделі процесс екен. Демек, бағдарламаға қатысуға ниет білдірген кәсіпкер тауарға пайдаланатын шикізатты да елімізде шығаратынын дәлелдеу керек. «Мен ҚЗЭ бағдарламасының бірнеше кезеңге бөлініп, ұзақ мерзімді қамтығанын қалаймын. Бұл тәжірибе Ресей, Түркия, Қытай елдерінде сыннан өткен. Қаржыландырылған жобалардың оқ бойы озық шыққандары үстемелетіп қаржыландырылса, кәсіпкер бизнес-жоспарын әртараптандырады, тауар шикізатын өзі дайындауға мүмкіндік алады», дейді кәсіпкер. Бұл бағдарламаның орындалу мерзімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен жылдың аяғына дейін ұзартылып, қосымша 1 трлн қаржы бөлінді. Енді бағдарламаға қалай ілесіп кететінімізді уақыт көрсетеді.

Jsk ақпарат

Автор: admin