Бүгін «Ontustik» телеарнасында 6 шілде – Астана күніне орай түсірілім жасалды. Түсірілімге «Шымкент келбеті» газетінің бас редакторы Б.Тайжан, қалалық опера және балет театрының солисі, өзбек этносының өкілі Н.Зкруллаев, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы, ҚР Мәдениет қайраткері А.Исаева, қалалық Әл-Фараби әмбебап кітапханасы балалар секторының меңгерушісі С.Еңсебекұлы қатысып, Елордаға қатысты мәселелер бойынша жан-жақты ой өрбітіп, талдау жұмыстарын жүргізді.
Түсірілім барысында Сайрам тұрғын алабында тұратын өзбек этносының өкілі, 11 сынып оқушысы М. Құрбанходжаева «Туған жер», Н.Зкруллаев «Қазақстан-Отаным» әндерін шырқады.
Биыл Астана қаласына 25 жыл толды. Еліміздің өсіп – өркендеуі жолындағы табысты жұмыстардың қай – қайсысы болмасын, Астана қаласымен тығыз байланысты. Еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуы Астана қаласынан бастау алды. Барлық ірілі – ұсақты шаралар Астанада жүзеге асырылуда.
Астанамыз көркейіп, еліміздің мәртебесі асқақтай берсін.