Сайлау алдында халыққа берген уәделердің орындалуы тек бізге байланысты – Ерлан Қошанов
«AMANAT» төрағасы Ерлан Қошанов Үкімет мүшелерінің қатысуымен Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының кеңейтілген отырысын өткізді. Депутаттар 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын бекітті. «Биыл алғаш рет Президентке Премьер-министрдің кандидатурасын «AMANAT» ұсынды және қазір партия мен Үкімет халық пен Мемлекет басшысының алдында жауапкершілігі ортақ. Алдағы үш жылдың бюджеті ерекше. Ол Президенттің сайлауалды бағдарламасы мен партияның электоральды уәделерін ескере отырып жасалды. Адамдар осы құжаттардың әр тармағының орындалуын күтіп отыр. Депутаттармен бірге әрбір министр мен әкім осы жұмыс үшін дербес саяси жауапты болады», — деді Ерлан Қошанов. Бұдан соң күн тәртібі бойынша Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сөз алды. Ол әзірленген Жол картасы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және ішкі өндірісті дамытуға бағытталған 10 міндет бойынша 205 іс-шарадан тұратынына тоқталды. Өз кезегінде фракция жетекшісі «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев партияның сайлауалды уәделерін жүзеге асыру үшін қажет қаражаттың бәрі қарастырылғанын мәлімдеді. Ол сондай-ақ партияның өңірлік Жол карталарын жүзеге асыру бойынша бірқатар мысал келтірді. Атап айтқанда, 2027 жылға қарай Ақмола облысының Целиноград ауданында аудандық орталық аурухана салынады. 2024 жылы Жезқазған қаласында инсульт орталығы ашылады, Алматы облысында таяу бес жылда 63 мектеп салынады, ал Маңғыстау облысында 2027 жылға қарай ауыз су тапшылығы проблемасын шешу үшін 6 тұздан тазарту зауыты салынады. Жиынды қорытындылай келе, «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов партияның жол карталары нақты орындалу индикаторлары бар кешенді жоспар екенін атап өтті. «Бұл құжатта барлық әлеуметтік топтың мүдделері ескерілген және ол әр өңірді, әр аудан мен ауылды қамтиды. Мәжілістегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы партиямыздың депутаттары Жол карталарының жүзеге асырылуына, оның ішінде қаржыландыруға қатысты тұрақты бақылау жүргізуге тиіс. Сайлау алдында халыққа берген уәделердің орындалуы тек бізге байланысты»,- деп баса айтты партия Төрағасы. Ерлан Қошанов соңғы сайлау науқаны барысында партияға азаматтардан 40 мыңға жуық талап-тілек келіп түскенін еске салды. Сайлаушылар дауыс берген «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасының негізі де – нақ осы азаматтардан келген өтініштер. Ол депутаттарды белсенді болуға және партия қабылдаған міндеттемелерді іске асыруға жан-жақты атсалысуға шақырды. Фракция жиынының қорытындысында Ерлан Қошанов депутаттық корпустың жұмысын күшейтуге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді. Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басты.
Біздің алдымызда түбегейлі саяси, экономикалық реформаларды табысты іске асыру, демократиялық қағидаларға негізделген Жаңа Әділетті Қазақстанды құру міндеті тұр.
Ұшқыр уақыт, замана желі – әлемдегі геосаяси ахуалды жыл сайын емес, күн сайын өзгертіп жатыр. Бұлжымастай көрінген халықаралық қатынастар, қоғамдық құндылықтар, әлеуметтік, адами байланыстар түбегейлі сынға түсуде.
Осындай тарихи, жауапты кезеңде, ортақ мүдде мен мақсат үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын уақыт келді. Себебі, мемлекеттің дербестігі, ұлттың азаттығы, қоғамның еркіндігі – ешқашан, еш нәрсеге айырбасталмайтын ұлы құндылық. Мұны еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін біліп, бағалауы тиіс.
Тәуелсіздік – біздің бойтұмарымыз.
Тәуелсіздік – талай тар жол, тайғақ кешуден өткен халқымыздың қолына қонған бақыт құсы.
Біз бұған дейін мемлекетіміз қол жеткізген табыстарға қаншалықты үлесімізді қоссақ, жіберілген қателіктер үшін де соншалықты жауапты екенімізді терең түсінеміз.
«Елу жылда ел жаңа, жүз жылда – қазан» дейді халқымыз.
«AMANAT» партиясы өткеннен сабақ алып, бүгінімізді әділ бағалап, болашағымызға бағдар жасайтын мезгіл жетті деп санайды.
***
«AMANAT» партиясы әрқашан қоғамдық-саяси үдерістердің бел ортасында жүр. Біз түрлі көзқарастар мен ой-пікірлердің тоғысатын, үндесетін алаңымыз.
Біздің партия әр адамның құқығы мен бостандығын қорғайды.
Біздің партия ортақ құндылықтармен, ұлттық мүддемен және бір болашақпен біріккен қоғамды қалыптастырады.
Біздің партия мемлекеттің міндеттерін алмастырмайды, бірақ халықтың сұранысына жауап беріп, тиімді шешімдер ұсынады.
«AMANAT» партиясы еліміздегі ең ірі, ықпалды саяси күш ретінде, бұлжымас қағидаларын, саяси мақсаттары мен заманауи бағыт-бағдарын айқындады.
Біз Асан Қайғының Жерұйығы мен әл-Фарабидің ізгі қоғам идеясын, Абайдың толық адам концепциясын, Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық миссиясын, Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш арыстарының ұлы мұраттарын үлгі-өнеге тұтамыз.
Бабалар еңбегінің лайықты жалғастырушылары – рухты, білімді, саналы, отаншыл жастар. Олар — партиямыздың болашағы.
«AMANAT» – халықтың үніне құлақ асып, сайлаушылардың талаптарын бұлжытпай іске асыратын партия.
«AMANAT» – қоғамда әлеуметтік әділеттілік орнатып, барлық азаматтарға тең мүмкіндіктер жасауды жақтайтын партия.
«AMANAT» – қоғам мен мемлекет игілігі үшін жұмыс істейтін партия.
Біз бейбіт өмірімізді, байтақ жерімізді, тәу еткен Тәуелсіздігімізді қызғыштай қорғаймыз, сақтаймыз, нығайтамыз. Біз қазақ тілін дамытуға, оның кеңінен қолданылуына бар күш-жігерімізді саламыз. Бұл біздің ата-баба аруағы мен келер ұрпақ алдындағы Аманатымыз.
«AMANAT» партиясы, ел аманатын арқалай отырып, Қазақстанның болашағына бей-жай қарамайтын барша азаматтарды Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың түбегейлі реформаларын қолдауға, Әділетті Қазақстан құру идеясының төңірегіне бірігуге шақырады.
Біздің мақсатымыз – Қазақстанның әрбір азаматының құқы, еркі қорғалған, адал еңбегімен, білім-білігімен көздеген асыл мұратына қол жеткізе алатын демократиялық, әділетті әрі бақуатты мемлекет құру.
Біз азаматтары дәулетті, қоғамы ашық, мемлекеті мықты Қазақстанды көргіміз келеді.
Тірегіміз – Тәуелсіздік, тілегіміз – Әділет, бағдарымыз – Бірлік! Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде сөйлеген сөзінде ұйымды жаңғырту туралы мәселе көтерген болатын. 23 жыл бұрын құрылған саяси ұйымның заман талабына, әлемдегі ахуалға, жаңа құндылықтар мен қауіп-қатерлердің пайда болуына сәйкес өзгеріске ұшырауы шынайы қажеттілік екені мәлім. Осындай аумалы-төкпелі заманда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жаңа Қазақстанды құру, жаңа даму бағытын, мақсат-мұратын айқындау, болашақтағы тағдырымызды болжау аса маңызды міндеттердің бірі екеніне баса назар аударды. Кез келген өзгеріс жаңа білімді қажет етеді. Сондықтан өзгерісті өзімізден бастаған жөн. Заман, қоғам өзгеріп жатқанда, меніңше, партияны да қайта құру, жаңғырту – ол заңдылық әрі уақыт талабы. Партия атауын «Аманат» деп өзгертуі тегін емес. Аманатты біз парыз деп түсінеміз. Осы парызды орындау барысында барлық сеніп тапсырылған істе адамдардың жауапкершілікті сезінуі. «Бұл – еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрықша мәні бар киелі ұғым. Егемендігіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең-байтақ жеріміз – бізге бабалардан жеткен аманат. Осы қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етіп қалдыру – міндетіміз. Мемлекеттілік дәстүр жалғастығы, ұрпақ сабақтастығы деген ұғымдар осыдан келіп шығады», – деді Президент. Ар-ожданды биік қойып, адалдыққа ұмтылып, әр адам өзіне жүктелген істі «ардың ісі» деп сезініп, берілген «аманатқа қиянат жасамаса» қоғамда жемқорлық деген түсінік мүлде жойылар еді. Партия осы қағидатты берік ұстанатын болса, өскелең ұрпаққа қалдыратын мирасымыз да, аманатымыз да сақталмақ. «Аманатқа» үлкен үміт артамыз, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», әр азамат қоғамның дамуына үлес қосса, сөз жоқ, біз алға қадам басамыз. Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта «Нұр Oтaнның» кезектен тыс XXII съезі өткізілді. Оның жұмысына еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысты. Партияның саяси кеңесінің қаулысымен съездің күн тәртібінде екі мәселе қарастырылды: партияның саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу; «Нұр Oтaн» партиясының модернизациясы. ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов: «Бұл жерді, осы халықты ата-бабаларымыз аманат етіп қалдырған, біз оны кейінгі ұрпаққа аманат етуіміз керек. Халықтың бірлігі, халықтар достығы, еңбексүйгіштігін жаңа ұрпаққа аманат етуге міндеттіміз. Елімізде болып жатқан өзгерістердің бел ортасында біздің партия тұр. Ашығын айтқанда, елмен бірге партияның да жаңаруы қажет. Ұйым қызметін жаңа мағынамен толтыру үшін қажетті өзгерістерді енгізу маңызды. Осыған байланысты партияның сипаты мен атауын өзгертуді дұрыс деп санаймыз», – деді. Сондықтан парламенттік көпшіліктің партия атауын «Аманат» деп өзгерту туралы ұсынысы қарастырылды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XXII съезінде партияның атын «Аманат» деп өзгерту туралы ұсынысты қолдады. «Аманат» сөзі «бабалар өсиеті», «болашақ ұрпаққа аманат» дегенді білдіретіні барлығымызға мәлім. Жиында партияны жүйелі түрде қайта құру тетіктері ортаға салынды. Енді партияның қоғамдық кеңестерінің құрылымы қайта жасақталады. Атап айтқанда, қоғамдық кеңестер саны қысқарады: республикалық деңгейде 14-тен 9-ға дейін, аймақтық деңгейде 12-ден 8-ге дейін қысқарады. Қоғамдық қабылдау бөлімдері проавтивті форматта жұмыс істеуге көшеді және шалғай елді мекендерде қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылатыны хабарланды. Ұсынылған барлық нәтижелер оң нәтиже беріп, еліміздің бай, қуатты болуына үлес қосады деп сенемін. «Аманат» деген – еліміздегі көшбасшы партия үшін өте орынды атау.
Jsk ақпарат орталығы