• 22 ноября, 2024 12:47 пп

Шымкенттің дамуы: шаһарда өңірлік-Хаб құру жұмыстары басталды!

Автор:admin

Июл 4, 2023

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сауда-логистикалық орталығын кеңейте отырып, бүкіл оңтүстік өңірі үшін өңірлік-Хаб құру жұмыстары басталды. Жобаны іске асыру мерзімі  2023-2027 жылдар. Аталған аймақта 47 млрд. теңгеге  23 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Сонымен қатар, аумағы 119 гектарды құрайтын жаңадан «Стандарт» жеке индустриялық аймағы құрылуда. Бұл аймаққа 30 млрд. теңге инвестиция тартылып,  150 жобаны іске асыру арқылы, 2 мың жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Биыл өңдеу өнеркәсібінде 300-ге жуық жаңа жұмыс орнын құрумен 14 жоба іске асырылып, 14 млрд.теңге инвестиция тартылатын болады. Кәсіпкерлерге де мемлекет тарапынан ауқымды қолдау көрсетілуде.  «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында 17,9 млрд. теңге бөлініп, жыл басынан 3 176  жобаға 7,9 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді. Одан басқа, мемлекеттік бағдарламадан бөлек, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жергілікті «Іскер қала» бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама аясында 1,4 млрд. теңге бөлініп, жыл басынан 153 жобаға 412 млн. теңгеге қолдау көрсетілді. Бұл ретте, жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін 1 пайыздық мөлшермен 10 млн. теңгеге дейін несиелендіру қаралған. Одан басқа бағдарлама аясында кәсіпкерлерге өндіріске бағытталған жеңілдетілген несиелер беру қарастырылған, атап айтқанда 2 пайыздық мөлшермен   50 млн. теңгеге дейін несиелер алуға болады. Сондай-ақ іс-шара аясында өнеркәсіптік парктерде үш жыл ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын кәспорындардың жалдау ақысының шығындары өтеледі —   1-ші жыл 75%, 2-ші жыл 50%, 3-ші жыл 25%. «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» бірыңғай орталығында 33 мыңға жуық  кәсіпкерге, оның ішінде жыл басынан 5 мыңға жуық кәсіпкерге бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап, жобаны пайдалануға беруге дейінгі құжаттарға қолдау көрсетілуде.

Jsk ақпарат

Автор: admin