• 21 сентября, 2024 6:08 пп

Шымкентте инвесторларды 5 аймаққа орналастыруда!

Автор:admin

Июл 10, 2023

Шымкент әрқашан инвестиция салуға қолайлы қалалардың қатарынан түскен емес. Себебі қала тоғыз жолдың торабында орналасқан. Саудасы дамып, халқының саны күннен-күнге өсіп, шаһарда шағын және орта бизнес мемлекеттің бағдарламалары арқылы даму үстінде. Инвестициялық жобалардың басым бөлігі өнеркәсіптік аймақтағы өндіріс орындарында іске асып жатыр. Бұл үшін қазір қала аумағында 869 гектар жерге 5 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істеп тұр. Бүгінгі таңда 350,5 млрд теңгені құрайтын 335 жоба іске асырылады. Қазірге дейін оның 273 жобасы жүзеге асып, 8016 жұмыс орны құрылған. Кәсіпорын ашуға ниеттенген инвесторларды қала төңірегіндегі 5 аймаққа орналастырып жатырмыз. Мәселен, «Оңтүстік» индустриалды аймақтың толымдылығы 95 пайызға жетті. 337 гектар аумаққа орналасқан аймақта 91,4 млрд теңгенің инвестициясына 76 жоба іске асып, 2512 жұмыс орны құрылды. Аймақтың тиімділігі – бір теңге бюджеттен бөлінсе, инвестицияға 10 теңге жеке инвестиция тартылды. Осы аймаққа инфрақұрылым тарту үшін 6,9 млрд теңге жұмсалса, бюджетке 36,3 млрд. теңге салық төленіпті. «Тассай» индустриалды аймағы да кәсіпорындармен толықты. Аймақтың 95 пайыз аумағында өнідіріс орындары жұмыс істеп жатыр. Атап айтқанда, 89 гектарды құрайтын индустриалды аймақта 36,7 млрд теңгенің 24 инвестициялық жобасы жүзеге асуда. Нәтижесінде, 1865 жаңа жұмыс орны құрылды. Жергілікті бюджеттің жұмсалған әр 1 теңгесіне 35 теңге жеке инвестиция тартылғанын көрсетеді. Аймақты инфрақұрылыммен қамтуға 1,06 млрд теңге жұмсалып, бюджетке 6,8 млрд теңге салық түсіпті. Ал, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта 58,4 млрд теңге инвестицияға 35 жоба жұмыс істеп тұр. Бұл аймақтың аумағы 225 гектарды құрап, бүгінде оның 85 пайызында кәсіпорындар орналасқан. Мұнда да бюджеттен 1 теңге бөлінсе, 15 теңге инвестиция тартылыпты. Алайда, арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылым үшін жұмсалған қаржы енді өзін ақтап отыр. Инфрақұрылымына 8,2 млрд теңге жұмсалып, құрылғаннан бүгінге дейін 8,2 млрд теңге салық түсті. Одан бөлек, қаламызда «Ордабасы» жеке индустриалды аймағы да жұмыс істеп тұр. Аумағы 126 гектар болған аймақта 4,8 млрд теңгеге 135 жоба жұмыс іске асып келеді. Аймақтың 85 пайызында өндіріс орындары құрылып, 850 жұмыс орны ашылған, — деді басқарма басшысы.

Jsk ақпарат

Автор: admin