• 23 ноября, 2024 3:40 пп

Шымкент экономикасы: қаламыз жаңа кәсіпорындардың инкубаторына айналады!

Автор:admin

Июл 11, 2023

Мамандардың пікірінше, Қазақстан экономикасындағы күрделі мәселенің бірі – орта бизнес өкілдерінің сауда, қызмет көрсету мен құрылыс секілді салаларға басымдық беріп, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп секторына инвестиция құюға деген қызығушылығының біршама төмен болуы. Экономиканы деверсификациялаудың қиындығы да, импорт алмастыру ісінің баяу жүріп, инфляцияның шарықтап кетуі де көбіне осыған байланысты болса керек. Сондықтан, «Стандарт» индустриалды аймағында өнеркәсіпшілерге, өндірістік бағыттағы бизнеске басымдық берілмек. Шағын зауыт немесе цех ашуы үшін кәсіпкер мемлекеттен жер алуы керек. Одан кейін ол жер теліміне электр қуатын, жол, су, газ бен кәріз жүйелерін жеткізу деген де өте ауқымды жұмыс. Әрі мұның барын техникалық талаптарға сәйкестендіріп, тиісті органдардан рұқсат алуға тура келеді. Оған қоса, өнт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкестігін дле растау керек болады. Ал,біздің индустриалды аймаққа келіп, дайын өндірістік ғимаратты жалға алған кәсіпкер осы кедергілер мен әурешіліктен құтылады. Өндірістік құрылғыларын орнатып, жұмысын тез-ақ бастап кетуіне болады, — дейді С.Тұяқбаев. Айта кетейік, алғашқы 12 мың шаршы метрлік ангарлар биыл жаз айларында салынып бітеді. Инвестор әрі қарай тағы да ғимараттар салып, аймақты кеңейте бермек. Болашақта бұл аймақта шамамен 100 шағын және орта кәсіпорын жұмыс істейді деген болжам бар. Жалға алу тарифтерін инвестор Шымкент қаласының әкімдігімен келісе отырып белгілейді. Өйткені, инвестор бұл аймаққа салған қаржысын біртіндеп қайтарып алуы керек. Есесіне, кәсіпорнын енді ашқан бизнесмендер Шымкентте ғана жұмыс істейтін «Іскер қала» атты бірегей өңірлік бағдарлама арқылы мемлекеттен көмек алуына болады. Атап айтқанда, алғашқы өндірістік ғимаратты жалға алу ақысының 75 пайызы, екінші жылы 50 пайызы және үшінші жылы 25 пайызы субсидияланады. Осы үш жылдың ішінде бизнес өкілдері аяғынан тұрып, ары қарай өз қамын өзі істей алатын жағдайға жетуі тиіс. «Саутс Ойл» үшін бұл да аса бір қомақты табыс әкелетін жоба емес. Өйткені, инфрақұрылымға жұмсалған қаржының қайтатын мерзімі өте ұзақ. Есесіне, бұл жер Шымкенттегі жаңа кәсіпорындардың инкубаторына айнала алады. Айталық бастапқыда бұл жерде 100 цех пен шағын зауыт ашылса, 5 жылдың ішінде оның көпшілігі аяғынан тік тұрып, өзі ғимарат алып, көшіп кетуі мүмкін. Оның орнына тағы да жаңа кәсіпорындар келіп жайғасады. Сөйтіп, бұл индустриалды аймақ Шымкенттегі өнеркәсіпшілердің, өндірістік бағытта жұмыс істейтін кәсіпкерлердің көбеюіне жол ашатын орынға айналады, – дейді сұхбаттасушымыз. Біріншіден, «Стандарт» индустриалды аймағында тамақ өнеркәсібіне бағытталған кәсіпорындар ашуға рұқсат жоқ. Өйткені, қалдықтың өзі кеткенімен бұл жер әлі талай жыл ластанған аймақ болып қала береді. Екіншіден, бұл аймақта экологияға аз да болса зиянын тигізетін кәсіпорын ашуға да жол берілмейді. Себебі түсінікті. Бұл жобаның бір мақсаты өнеркәсіпті дамыту болса, маңыздылығы одан кем түспейтін екінші бір мақсаты – қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға үлес қосу. Иә, осы екеуінен басқа ешқандай шектеу жоқ. Биыл жазға қарай «Стандарт» индустриалды аймағына келіңіз де дайын ғимаратты жалға алып, өз кәсіпорныңызды аша беріңіз.

Jsk ақпарат

Автор: admin