• 21 сентября, 2024 11:34 дп

Шымкентте инвестиция көлемінің артуы – экоономиканың өсуіне әкеледі!

Автор:admin

Июл 12, 2023

Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рақымберді Мүлкеманов қала бюджеті 1994 жылы 1 миллиард теңге төңірегінде болса, бүгінгі күнде 485,6 миллиард теңгеден асқанын айтады.

Мұрат ӘЙТЕНОВ, Шымкент қаласының әкімі:

–Бюджет 2018 жылмен салыстырғанда 3,7 есеге артты. Инвестиция көлемі екі есеге жуық артты. бес жыл бұрын өнеркәсіп өнімінің көлемі 425 млрд. теңгені құрады, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша көлемі 710 млрд. теңге болады. Сондай — ақ, бес жыл бұрын 403 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, биыл біз оның санын 1 млн шаршы метрге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз, нәтижесінде салық базасы мен жергілікті бюджеттің кірістері — 57 млрд-тан 150 млрд-қа дейін өсті.

–Бүкіл әлемде орын алып жатқан экономикалық қиындықтарға, әсіресе пандемияға байланысты бұл саладағы қиын жағдайға қарамастан соңғы 5 жылда бюджет көлемі алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда 4,3 есеге артқан. Тарқатып айтар болсақ, мегаполис қазынасы 2016 жылы — 111 миллиард, 2017 жылы — 131,2 миллиард, 2018 жылы — 146,1 миллиард, 2019 жылы — 243,1 миллиард, 2020 жылы — 453,9 миллиард, 2021 жылы — 485,6 миллиард теңгені құрап отыр. Бюджет көлемінің соңғы жылдары бірден ұлғаюына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Шымкент республикалық мәртебесі бар қалаға айналуы себеп болды. Осыған орай қаланы дамытуға бөлінген қаражат көлемі де едәуір өсті.  Бүгінгі таңда бюджеттік шығындардың ішінде әлеуметтік салаға 219 миллиард теңге қарастырылған. Оның ішінде білім беру саласына – 149,6 миллиард (68,3%), денсаулық сақтау саласына – 17,9 миллиард (8,2%), әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға – 32,9 миллиард (15,0%), мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке – 18,7 миллиард теңге (8,5%) бөлініп отыр. Сондай-ақ қала бюджетінен қаржыландырылатын 31 бюджеттік бағдарлама әкімшісі бар. Олардың ведомстволық 366 мекемесінде 47 338 адам жұмыс істейді, — деді Рақымберді Жанысбекұлы.

Jsk ақпарат

Автор: admin