• 21 сентября, 2024 9:36 дп

Шымкентте кәсіпкерлер үшін үлкен жеңілдіктер қарастырылған!

Автор:admin

Июл 13, 2023

Қалалық кәсіпкерлік басқармасы басшысының сөзінше, индустриалды аймақтарда кәсіпорындарға үлкен жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен дайын инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер уческелері ұсынылады. Бизнес өкіліне жобасын жүзеге асыру үшін нағыз керегі осы жер телімі. Сондай-ақ жоғарыда айтылғандай жер учаскелеріне мемлекет тарапынан инженерлік жүйелерге қосылу нүктелері тартылған. Сонымен бірге әкімдік индустриалды аймақтарды дамыту мақсатында тиісті жоспарларды қолға алуда. Ендігі ретте жұмыс істеп тұрған 2 индустриалды аймақ жобалармен толыққан соң қаланың инвестициялық климатын жақсарту және халықты жұмыспен қамту мақсатында 306 гектарға үшінші жаңа «Жұлдыз» индустриалды аймағын құру көзделіп отыр. Қазіргі таңда оған кіретін жер учаскелері мемлекет мұқтаждығына орай қайтарылып, инфрақұрылымдық жүйелері тартылып жатыр. Өз кезегінде жаңа аймақта металлургия, фармацевтика, жиһаз, құрылыс материалдарын шығару бойынша жобалар қолға алынады. «Жұлдыз» ИА-ны құру мерзімі 2021-2022 жылдар аралығын қамтиды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын дамыту үшін қосымша 2 агро-индустриалды аймағын құру бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Оның біріншісі «Тепличный рай» деп аталады. 136 гектар аумақты қамтитын бұл аймақта жылыжай кешендері бой көтеретін болады. Ал екіншісі «Бозарық» агро-индустриалды аймағы. Мұнда негізінен ауыл шаруашылығы өнімдері терең әрі қайта өңдеуден өткізіледі. Басқарма өкілі аталған индустриалды аймақтарда кәсібін ашам деуші кәсіпкерлерге есік әрдайым ашық екенін айтады. – Бізде Шымкенттен экспортқа шығатын сапалы тауарлар баршылық. Қаладағы индустриалды аймақтарда орналасқан бірнеше кәсіпорынды мысалға атауға болады. Мәселен, «Asia Trafo» ЖШС Alageum electric белгісімен жоғары кернеулі трансформатор жасайды. «Hill Corporation» кәсіпорны мотор майларын шығарады. «Mega Smart» ЖШС шығаруда Mega Art брендімен МДФ тақталарын өндіреді. «Болашақ-7» ЖШС-нің энергетикалық сусындары Bizon атауымен жұртқа танымал. Сондай-ақ Kaz Generators белгісіндегі дизельді генераторлар Шымкенттің экспортты өнімі саналады. Брендті тауарлар тізімін осылайша жалғастыра беруге болады, -деді Береке Талғатұлы.

Jsk ақпарат

Автор: admin