• 27 ноября, 2024 2:47 дп

Қаржы сауаттылығы: Отбасылық бюджетті қалай жоспарлаған дұрыс!

Автор:admin

Июл 16, 2023

Қазіргі нарықтық кезеңде адами капиталдың дамуы үшін отбасы бюджетін дұрыс жоспарлаудың да жауапкершілігі зор. Қандай да бір ұйым алға қарай ілгерілеуі үшін әр түрлі шешімдер қабылдап отырады. Үй шаруашылығын басқару да сол секілді. Дегенмен, оның өз ерекшеліктері бар. Сайтымыздың «Капитал» айдарында біз отбасылық бюджет жайында сөз қозғауды жөн көрдік. Бүгінде ел азаматтары отбасылық бюджетке қаншалықты мән береді? Отбасылық бюджет – бұл әдетте бір ай мерзіміне жасалатын, отбасының ақшалай табыстары мен шығындарын реттеу жоспары. Бюджетті жүргізудің басты мақсаты – бұл шығындарды бақылау. Кейбір ерлі-зайыптылар бюджетті жүргізуді қызықсыз және езбе шаруа деп санайды. Одан бөлек, қанша ақша жұмсалып жатқаны шамамен онсыз да белгілі деп ойлайды. Демек, мәселенің мәнісі осында – біз шығындарды нақты емес, шамалап білеміз! Табыс пен шығындардың бір қарапайым есебінің өзі шығындардың 20 пайызын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл ай сайынғы шығындар жылына қаншалықты соманы құрайтынын елестете беріңіз. Бюджетті құру кезінде басшылыққа алудың ең басты қағидасы – бұл есеп және бақылау. Бұл жағдайдың өзгеруін дер кезінде аңдап, қосымша шығынсыз ету үшін қажет. Бір жағынан бұл қажетті қаражаттар мөлшерін көруге, енді бір жағынан ақшалай қаражаттар қашан шығындалғанын жоспарлау үшін керек. Әдетте жанұялық бюджеттің ең кең таралғаны – бірлескен әдісі. Мұнда әкесі мен анасы (атасы, әжесі сонымен қоса ересек балалары) тапқанын ортаға салып, белгілі уақыт аралығында (әдетте бір айға) алынған соманы қалай бөлу қажет екенін шешеді. Мұндай әдістің ең басты артықшылығы – бірлікті сезінуде. Бюджеттің мұндай әдісінде балалар отбасы ісіне қатысуда жауапкершілікті ерте сезіне бастайды. Forbes.kz сайтында жарияланған мынадай деректерді келтірейік. «Экономикалық сауаттылықтың халықаралық орталығы» мекемесінің зерттеуі бойынша ел тұрғындарының 63 пайызының жалақы алуға бірнеше күн қалғанға дейін қаржысы таусыла бастайды. Олардың 60 пайызы бұл жағдайда үнемдеуге көшеді. 48 пайызы туыстарынан жәрдем сұрайды. Мұндай жағдайда 38 пайызы кіріс және шығыс есептерін жүргізбейді екен.

Jsk ақпарат

Автор: admin