• 23 ноября, 2024 7:36 дп

Шымкентте өндірілетін өнімнің сапасы жоғары!

Автор:admin

Июл 18, 2023

Еліміздің үшінші ірі қаласы атанған Шымкенттің дамудың даңғылына түскеніне де жылдан асты. Осы уақыт ішінде өндірісі өрлеп, құрылысы қарқын алған миллионды шаһарда оңды өзгерістер көптеп көрініс беріп отыр. Қала тұрғындарына ыңғайлы жағдайлар жасау үшін жергілікті билік те мемлекеттік деңгейде түрлі бағдарламалар арқылы халыққа етене жақын бола түсуде. Әрбір тұрғынның талап-тілегін тыңдап, уақыт ретімен шешімін табуына жұмыс істеуде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шаһар жұртшылығымен кездескен кезде Шымкент қаласын Қазақстандағы төрт хаб-қаланың біріне айналдыру керек екенін және ол үшін жергілікті әкімдік пен Үкімет ең алдымен қаладағы өндірісті дамытып, индустриялық аймақтарды жетілдіру үшін Шымкенттің экономикасын әртараптандыру керек дегенді алға тартқан еді. Міне, осы тапсырманы орындау аясында Премьер-министр Әлихан Смайылов өзінің осы жолғы жұмыс сапарында қаладағы индустриялық аймақтарды аралап, жаңа өндірістерді іске қосты. Қазір Шымкент қаласында бас-аяғы бес индустриялды аймақта 300-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Жергілікті биліктің мәліметіне сүйенсек, бұл кәсіпкерлер ішкі нарықпен қатар, өз өнімдерінің үштен бірін алыс-жақын шетелге экспорттайды. Осы орайда экономикаға үлес қосып отырған зауыт жайында сөз өозғасақ, «Химфарм» зауыты республикамыздағы ескі фармацевтикалық кәсіпорындардың бірі. «Химфарм» зауытының өндіріс қоржынында терапияның түрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фарамацевтикалық топқа жататын генериктік және түпнұсқалық 200-ден астам дәрі-дәрмек бар. Компания өз өнімдерінің 90% ішкі нарыққа жеткізсе, 10%-ын бес елге экспорттайды. Яғни, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Монғолия және Түрікменстан. 2011 жылдың тамыз айынан кәсіпорынның серіктесі еуропалық «Polpharmagroup» компаниясы болып келеді. Польфарм компаниясы фармацевтикалық өнімдердің жаңа түрлерін жаңғырту және өндіру мақсатында «Химфарм» зауытына 100 млн. АҚШ долларынан астам инвестиция құйды. Қазіргі уақытта компания дәрі-дәрмектер өндірушілердің арасында жетекші орын алады және отандық дәрі-дәрмектер нарығының 40 пайызын, ал еліміздегі жалпы дәрі-дәрмектер нарығының 4 пайызын қамтиды. Айта кетейік, 2016 жылы Польша Республикасы мен оңтүстік Қазақстан облысы арасындағы тауар айналым 13,3 млн. АҚШ долларын құраса, жыл басынан бері тауар айналым 8,5 млн. АҚШ долларын құрады.

Jsk ақпарат

Автор: admin