• 23 ноября, 2024 12:05 дп

Кәсіподақтар — жұмыс беруші мен жұмысшының ара-қатанасын нығайта білуі тиіс!

Автор:admin

Июл 20, 2023

Кәсіподақтар әкімшіліктің еңбек туралы заңдарды және еңбек қорғау жөніндегі нормаларды жүзеге асыруына бақылау жүргізді; олардың техникалық және құқықтық инспекциялары қызметін атқарды. Жұмысшылардың, қызметшілердің, ұжымшар еңбекшілерінің әлеуметтік сақтандырылуын басқару қызметі кәсіподақтарға жүктелді, шаруашылық есептегі санаторийлер мен демалыс үйлерінің бәрі солардың қарауына берілді. Кеңестік дәуірде бастауыш кәсіподақ ұйымдары кәсіподақтардың негізі болатын. Олар өндірістік принцип бойынша құрылды. Олардың әрқайсысы бір кәсіпорында, кеңшарда, ұжымшарда, мекемеде жұмыс істейтін немесе бір оқу орнында оқитын кәсіподақ мүшелерінен тұрды. Әрбір кәсіподақ халық шаруышылығының бір немесе бірнеше саласының жұмысшылары мен қызметшілерін біріктірді. Әрбір салалық кәсіподақтың өзінің съезінде сайланатын жеке Орталық кәсіподағы болды. Салалық кәсіподақтардың көбісінде өздерінің республикалық, өлкелік, облыстық, қалалық және ауданы комитеттері болды. Республикаларда, өлкелерде, облыстарда одақаралық органдар — кәсіподақ кеңестері жұмыс істеді. Кәсіподақтардың съездері олардың жоғары органы болып есептелді. KCPO- ның барлық кәсіподақтарының жұмысына Кәсіподақтардың бүкілодақтың орталық кеңесі басшылық етті, ол KCPO кәсіподақтарының съезінде сайланды және соған есеп берді. KCPO кәсіподақтары Дүниежүзілік кәсіподақтар федерациясының қызметіне қатысты, 128 елдің кәсіподақ орталықтарымен байланыс жасап тұрды. KCPO ыдырап, егеменді ТМД елдерінің нарықтық экономикаға көшуі жағдайында кәсіподақтар тоталитарлық жүйенің құрамдас бөлігі болған ұйымдардан дербес қоғамдық құрылымдарға айналды. Жаңа кәсіподақтар, көбінесе, кәсіптік белгісіне қарай құрылуда. Қазіргі күні кәсіптік одақтар қызметкерлер өмірінде үлкен рөл атқарады. Кәсіптік одақтар қызметкерлер құқықтары мен мүдделерін сақтауға ерекше кепілдердің бірі болды және болып табылады. Түрлі-деңгейдегі кәсіптік одақтар еңбек және әлеуметтік қатынастармен байланысты, түрлі салалардағы олардың ұсынуы мен қорғауын қамтамасыз етеді және қызметкерлер мүдделерін қалыптастырады және тұжырымдайды. Кәсіптік одақ бұл — қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін жарғылық та псы риала рға сүйене отырып ұсынатын және қорғайтын қоғамдық бірлестік. Кәсіптік одақтар — өз мүшелерінің еңбек, және тағы да басқа әлеуметтік- экономикалық мүдделерін ұсынуға және қорғауға арналған, олардың кәсіби мүдделерінің ортақтығы негізінде, азаматтармен ерікті түрде құрылатын өздік, бекітілген жеке мүшелігі бар қоғамдық бірлестіктер. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі мерзімде азаматтық қоғамның институттарының дамуында жаңа кезең пайда болды. 1993 жылы 9 сәуірде № 2107-ХІІ «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заңда Қазакстан Республикасындағы кәсіптік одақтар Қазақстан Республикасындағы кәсіптік одақтар (кәсіподақтар) дербес, тіркелген жеке мүшелігі бар қоғамдық бірлестіктер, оларды дерінің кәсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде өз мүшелерінің еңбек ету, сондай — ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қорғау, еңбек жағдайларын қорғау мен жақсарту үшін ерікті түрде құратындығы көрсетілген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында кәсіподақтардың құқықтық статусы Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Еңбек туралы заңдар кодексімен, Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы, халықтың зейнетақымен қамсыздандырылуы туралы заңдармен, басқа да заңдармен айқындалады. Кәсіподақтар өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасы және халықаралық актілер мен келісімдерде бекітілген өзге де заң нормалары шеңберінде, өздері қабылдаған жарғыларға сәйкес, мемлекет органдар мен саяси, қоғамдық ұйымдардан тәуелсіз жағдайда жүзеге асырады. Олармен өзара қарым-қатынастарын әріптестік пен құрметтеушілік, сұхбаттастық пен ынтымақтастық негізінде құрады. Кәсіподақтардың құқықтарын шектейтін немесе олардың заңда көзделген құқықтарын жүзеге асыруына кедергі жасайтын қандай да болсын араласушылыққа тыйым салынады. Кәсіподақ өз мүшелерінің мемлекет және шаруашылық құрылымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіпкерлермен қарым-қатынасындағы құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қажет болған жағдайда бұларды қорғауға жәрдемдеседі. Ұжымдық шарттар мен тиісті деңгейдегі тарифтік келісімдер жасасады; олардың арасындағы жекелей және ұжымдық еңбек дауларын шешуге көмектеседі. Кәсіподақ пен жұмыс беруші арасындағы даулар бойынша түпкілікті шешімдерді сот шығарады. Қазақстанда, негізінен, федерацияға біріккен. Кәсіподақ бірлестіктері-қоғамдық бірлестіктерге жеке мүше болатын азаматтар тарапынан қоғамдық кәсіби көзқарастары бойынша өз еркімен құрылған өз бетінше әрекет ететін қоғамдық бірлестіктер. Кәсіподақтардың негізгі міндеті өз мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау және еңбекті қорғау мен еңбек жағдайын қорғау болып табылады. Кәсіподақтар еңбек құқының арнайы субьектісі болып табылады. Бір жағынан кәсіподақ құрудың жалпы құқықтық режимі, олардың құқықтық субьектілігі, негізгі мендеттері мен құқықтары, сондай-ақ оларды іске асырудың кепілдіктері Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктер туралы заңдылығының жалпы ережесінен туындайды, ал екінші жағынан-кәсіподақтар жүйесінің кейбір звеноларының статусы мен өкілеттігі- структурасы анықталады, оның ішінде алғашқы кәсіподақ комитеттерінің, салалық, аумақтық басқа да кәсіподақ органдарының өкілеттігі мен статусы. Кәсіподақтың міндеттері мен онң функциясының еңбекті қоғамдық ұйымдастыру мәселелерімен байланысты екені белгілі. Экономикалық қайта құру жағдайында кәсіподақтардың еңбек құқығы субьектісі ретіндегі ролі артуда, себебі құқықтың аталған саласы еңбекті ұйымдастыру мен оның жағдайын реттеумен, жалданушы еңбектің еңбек құқықтарын заңдылық мүдделерін қорғаумен байланысты. Кәсіптік одақтар қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін ұсынудың және қорғаудың маңызды кепілдердің бірі болды және болып қалады. Бұрын кәсіптік одақтың негізгі функциясына түрлі материалдық және әлеуметтік игіліктерді белу болатын. Осы функциясы арқылы елге танымал да болды. Еңбекшілердің арасында демалыс жолдамаларын бөлуімен танылды. Ал қазіргі кезде кәсіптік одақтың негізгі мақсаты бұл — қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін ұсыну және қорғау болып табылады. Кәсіптік одақтың жұмысы келесі принциптер бойынша құрылған: еріктілік, азамттардың кәсіптік одақ мүшелігіне ерікті түрде өз еркін білдіруді жорамалдайды; дербестік, кәсіптік одақтардың заңды тұлға ретінде құқықтық қатынастар субъектісі болуы н көрсетеді; азаматтардың бейкоммерциялық бірлесу сипаты; кәсіподақ мүшелігінің белгіленуі; кәсіптік одақтарғы бірлескен кезде азаматтардың кәсіби және өндірістік мүдделері бойынша ортақтығы; өз мүшелері құқықтары мен мүдделеріне өкілдік және қорғау. Қай заманда болмасын, әр түрлі қыр жағынан жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғау әрдайым ең күрделі және соңына дейін шешілмеген мәселелердің бірі болып қалады. Жұмыскерлердің, яғни еңбекшілердің еңбек құқығын қорғау мәселелері әсіресе нарықтық қатынас жағдайындағы әлеуметтік мәні зор. Елімізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғаудың әділ және тиімді жүйесін құру қажеттілігі туындап отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12 және 76 баптарына сәйкес, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, тану, сақтау мемлекеттің міндеті болып табылады. Адамның ар — намысы, қадір — қасиетіне қолсұғылмаушылық ҚР Конституциясының 17-ші бабымен бекітілген. Адамның қадір — қасиеті деп адамның саналы түрде қоршаған орта айғақтарын адамгершілік құндылықтар және санаткерлік сапа тұрғысынан сезінуін айтамыз. Адамның қадір — қасиеті оның қоғамдағы жағдайымен, өмірлік бейнесімен, кәсібилігімен, басқа да жағдаяттарға деген мүддесімен байланысты. Адамның қадір — қасиеті оның әлеуметтік құндылықтарына қарамастан қорғалады және ешқандай жағдай оны басуға кедергі бола алмайды. Адам қадір — қасиетінің мемлекет тарапынан қорғалуы жеке өмірге мелекеттік органдар, оның лауазымды тұлғалары, сонымен қатар басқа да азаматтар тарапынан қолсұғылмаушылық негіздері анықтамасынан көрінеді. Адамның жеке басының бостандығына деген құқық кез келген эрекетпен айналысу, белсенділік таныту немесе мәжбүрлеу мен шектеуден бас тартуды білдіреді. Адамның қадір-қасиетіне деген қол сұғылмаушылық ҚР Конституциясының 17-бабында бекітілген. Адамның қадір-қасиетінің астарында адамның өзінің және оның айналасындағылардың зияткерлік және өнегелі қасиеттерінің құндылықтарын меңгеру айғағы жатыр. Адамның қадір-қасиеті оның қоғамдағы алатын орнына, өмір салтына, іскерлігіне, қызығушылықтары мен басқа да жағдайларға байланысты болады. Кез келген адамның қадір-қасиеті оның әлеуметтік құндылықтарына қарамай заңды қорғалуға жатады. Мемлекеттің адамның қадір-қасиетін біреудің озбырлық жасауынан қорғап отыруы — мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың және басқа да азаматтар тарапынан жүзеге асады. «Қадір-қасиет», «ар-ұждан» ұғымдары, әлеуметтік маңызды әрекеттердің жүзеге асуымен байланысты болып келетін, этикалық нормалардың негізінде түсіндіріледі. Олар, азаматтық-құқықтық және қылмыстық-құқықтық әрекеттердің, қадір-қасиеті пен ар-ұжданына қол сұғылған тұлғаға қатысты қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан, мемлекеттің қылмыстық заңнамасы адамның қадір-қасиетіне қарсы жасалған қылмыстың құрамын қарастыра келіп, тұлғаның аты және оның мүліктік емес қызығушылықтарын қорғайды. Конституция мен өзге заңнамалар, заңды әрекеттер мысалы, әр түрлі тергеу әрекеттері, тексерулер, тінту әрекеттері мен арест т.б. барысындағы адамның қадір- қасиетіне қол сұғылмаушылықтың міндеттемелерін қатаң белгілейді. ҚР Конституциясының 17-бабы бойынша: «Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды». Мәжбүрлеу және өзге жауыздық, айуандық пен қадір- қасиетті құртатын жаза түрлеріне қарсы Конвенцияны Қазақстан Республикасы 1998 жылы бекітті. Ол бойынша, кез келген әрекет ретінде мәжбүрлеу, қасақана жасалған ауыртпалық пен қайғы әкелген адам, өзінің жасаған әрекеті үшін, міндетті түрде жауапқа тартылуы тиіс. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмаушылық. Атап айтқанда, мемлекет адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепілдік береді. Қазақстан Республикасының Президент Қ.Ж. Кемеұлы ұсыныстары мен ойларын «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам»  атты мақаласында баяндады, сонымен қатар «Қазақстан — 2050» стратегиясы — мемлекеттің құрылған жаңа саяси бағыты, елдің әлеуметтік-экономикалық жаңғыртылуын қамсыздандыруға бағытталуы, қоғамның әлеуметтік өзгеріс басымдылық шеңберінде, мемлекеттің ең негізгі саясат бағыты ретінде әлеуметтік еңбек қатынас тиімді үлгісін құру болып табылады . Сонымен Мемлекет басшысы 2013 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Бас Кеңес Федерациясы кәсіподақтарының Мәжілісінде сөз сөйлеп, Қазақстан кәсіподақтары — бұл әлеуметтік еңбек қатынастағы тұрақтылық тірегі, негізгі элементі, — деп тұжырымдады. Еңбекшілердің құқығын қорғау, өз кәсіптерін ашу, «Электрондық еңбек биржасы туралы» Заңды 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін қабылдау керектігіне басты назар аударылады. Осыған сәйкес, еңбек кітапшаларын электрондық форматқа көшіру, жұмыс өтіліне сай зейнетақы тағайындау заңдастырылуы қажет екендігі туралы мәселелері де 2018 жылы 10 қаңтарда Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілген болатын. Әр түрлі құқық саласында кездейсоқтық емес, тең қалыпта еңбек құқығында да субъектілердің құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерін қорғау маңызды орын алады. Оның мағынасын асыра бағалау күрделі. Құқық нормасын шығара отырып, мемлекет қабылданған құқықтық шарамен қорғалатын құқықтарды, бостандықтарды және заңды мүдделерді қорғаудың қажетті кепілдіктерін, құрылымын және тәсілдерін қарастыруға міндетті. Субъективті құқық, көрсетілген тұлғаға, бірақ бұзылған қажетті қорғау құралдарымен қамсыздандырылмаған, «ресми құқық» болып қана есептеледі. Мемлекеттік қорғау құралдарымен қамтамасыз етілмеген, заң құқығында жарияланған жеткілікті шара ретінде шартты және дәл орындалуына мүмкіндік туғызбайтын, құқықтық нормасында орналасады. Құқық қорғау шараларымен қамтамасыздандырылмаған субъективтік құқықтарды жүзеге асыру «арнайы өкілеттік берілмеген қоғам мүшелері тарапынан ерікті түрдегі сыйласуға сенім арту және осының салдарынан беделді мемлекеттік билік пен қоғам мүшелері санасында орын алған мораль тұрғысынан қамтамасыз етілген құқық сипатына ие болады». Қорғалу объектісіне (құқығы, бостандығы және заңды мүдделері) тән ерекшеліктері оның жүзеге асырылу тәсілдері мен сипатына эсер етпей қоймайтындығында күмән жоқ. Сол себепті жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселесін құқық нормасын жүзеге асыру, сондай-ақ жалдамалы жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау үшін арнайы құрылған кәсіби одақтар тұрғысынан зерттеу мақсатқа сай және объективті деп танылады. Осыған байланысты еңбек қарым-қатынасы субъектілерінің әрекеттеріне императивті эсер етудің төмендеуі мен келісім-шарт қарым-қатынасының кеңеюі шарты сақталғанда еңбек заңнамасы нормаларымен көрсетілген қорғау құралдарының жағдайы қызығушылық тудырады. Ол үшін еңбек қатынастарын реттейтін құқықтың жүзеге асырылуы мен субъективті құқық бұзылған жағдайда оны қорғау арасындағы өзара байланысты анықтау қажеттілігі туындады. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж.Тоқаев аудандарда кәсіби одақтардың белсенді жұмыс атқару қажеттілігіне және олардың әлеуметтік серіктестік шегінде мүдделі тарапмен қарым-қатынас жасау маңыздылығына ерекше назар аударған. Кәсіби одақтардың негізгі міндеті болып жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында туындаған мәселені уақытылы шешу, ал оны жүзеге асыру үшін кәсіби одақтар ұйымы, мекемелері барлық тараптармен тығыз ынтымақтастықта болуы қажет. Осы ретте, Президент жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған әлеуметтік сұхбаттың жаңа нысаның жетілдіру маңызын ерекше атап өтті. Кәсіби одақтардың белсенділік деңгейінің жеткіліксіздігін және олардың бүгінгі күні жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғаудағы рөлін куәландырады, сондай-ақ, осы мәселені заманға сай және түбегейлі шешу қажеттілігін ерекше атап өтеді. Ең бастысы — кәсіби одақтар қоғамдағы әлеуметтік- экономикалық және еңбек құқықтары саласындағы ұлттық және халықаралық нормалардың бұзылуы нәтижесі болып табылатын әлеуметтік шиеленіске қарсы тұрулары қажет. Осы ретте, оларәлеуметтік дамудағы халықаралық тәжірибеде жалғыз құрал ретінде қолданылатын, әлеуметтік әділдікті жан-жақты қамтамасыз ету арқылы қазіргі заман талаптарына сай кәсіби одақтардың белсенді қызмет атқару жолын әлеуметтік шиеленіс деңгейін түсіру тәсілін пайдалана алады. Осыған орай, мемлекеттің маңызды міндеті болып Қазақстан Респубилкасындағы әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарын реттейтін құқық стандарттарын еңбек заңнамасының бұзылуы сирек кездесетін өзге алдыңғы қатардағы Европа елдерінің деңгейіне дейін жеткізу және енгізу. Жоғарыда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық институттар арасында кәсіби одақтар ерекше орын алуы қажеттілігіне байланысты 2014 жылдың 27 маусымында «Кәсіби одақтар туралы» ҚР Заңы қабылданды[5]. Аталған жаңа заң әлі де болса толық жетілмеген, еңбек-ғалымдары тарапынан және тәжірибедегі заңгерлер тарапынан сынға ұшырады. Бұл заңшығарушы биліктің өкілдері, ғылыми интеллигенция және құқықтанушылар алдында жалдамалы жұмыскелердің еңбек құқықтарын әсерлі қорғауды қамтамасыз ету мақсатында кәсіби одақ туралы заңды модернизациялаудағы концепцуалдық қатынасты қайта қараудың объективті қажеттілігін туындатады. Кәсіби одақ өзінің мүшелеріне қолдау көрсетуде күш жұмылдырушы, ерікті қозғалыс бола тұра, ұзақ уақытқа арналған болашақ талаптарын жаңартушы, үнемі даму бағытын ұстанатын ұйым болуы қажет. Жұмыскерлер өкілдерімен әлеуметтік және эконом и калық мәселелерді ортаға салу, әлеуметтік-еңбек қатынастарынан туындайтын мәселелерді реттеу жұмыс берушілер үшін кәсіпорынды қалыпты басқару процесінің бір бөлігі болуы керек. Жұмыс берушілер және жұмыскерлер өкілдерінің арасындағы әлеуметтік сұхбат қоғамдық механизмнің өмірлік маңызды бөлігі ретінде қарастырылуы қажет, онсыз қоғам тура және кемшіліксіз қызмет ете алмайды. Кәсіби одақ қызметінің маңызы, біріншіден, ол табиғатынан толықтай демократиялық болуы тиіс. Кәсіби одақ, жұмыскерлердің ерікті түрде құрған ұйымы болып табылады және жұмыскерлер үшін құрылады, тек олар ғана кәсіби одақтың мақсатын, нысанын және қызметін анықтай алады. Германия, Жапония, Швеция, Швейцария елдеріндегі кәсіби одақтың көпжылдық тәжірибесінің үлгісі қазақстандық кәсіби одақтарға жұмыскерлердің заңды мүдделерін дұрыс әрі әсерлі өкілдік ету және қорғау, сонымен қатар кәсіби одақ мүшелерінің алдында ғана емес, сондай-ақ қоғам алдында өзінің беделін сақтауға көмектеседі, оның жақсы жақтарын ала білу керек.

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin