• 23 ноября, 2024 11:16 пп

ШЫМКЕНТ: МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Автор:admin

Дек 6, 2021

Шымкент қалалық қоғамдық кеңестің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Іс-шараға Қоғамдық кеңес мүшелері мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Шара барысында қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері қаралды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қызметкерлерінің айтуынша статистикалық мәліметтерге және әлеуметтік зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, мәдениет саласы жемқорлыққа бейінді салалардың қатарына кіреді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің айқын болуына байланысты, Департаментпен бейінді басқармасының қызметінде сыртқы талдау жүргізілген.
Нәтижесінде мемлекеттік сатып алу үрдісінде, мүдделер қақтығысына және тағы да басқа бағыттарда жемқорлық тәуекелдері анықталған.
Департамент өкілінің айтуынша, нәтижесінде жемқорлық тәуекелдері туралы ұсыным енгізілгенімен, Басқарма тарапынан анықталған кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар атқарылмаған.
«Бұл өз кезегінде Басқарма басшылығы тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауға мүдделі еместігі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамауын көрсетеді» — дейді спикер.
Отырыс қорытындысымен мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қысқа уақыт аралығында жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жұмыстарды атқарып, кезекті комиссия отырысында баяндау тапсырылды.

JSK ақпарат

Автор: admin