• 28 ноября, 2024 12:54 пп

ШЫМКЕНТТЕ САНТЕХНИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАР ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Автор:admin

Авг 2, 2023

Қаладағы тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуына байланысты нарықта сантехникалық бұйымдарға деген сұраныс өте жоғары. Осы мақсатта миллион тұрғыны бар мегаполисте алдағы уақытта сахтехникалық құралдар мен бұйымдар өндіретін зауыт қосу жобасы жүзеге асырылмақ. Зауыт «Жұлдыз» индустриалдық аймағындағы 4 гектар жерде орналасқан. Аталған аймақтағы нысан тиісті инфрақұрылыммен қамтылатын болады. Сондай-ақ, зауыт жылына 40 мың дана жуыну ваннасын және  40 мың қол жуғыш құралдарын шығаруға қауқарлы. Зауыт іске қосылған жағдайда 30 адам жұмысқа тартылмақ.  Жоба құны 1 миллиард теңгені құрайды, сонымен қатар 2024 жылы іске қосылады деп күтілуде. Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қалалар санатына қосылып, бұл тарихи шешім қаланың болашағы үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашты. Соңғы бес жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 млрд теңгеден 937 млрд теңгеге жетті. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58 мыңнан 110 мыңға дейін өсті. Қала бюджеті 5 жылда 4 есе көбейіп, 146 милиардтан 642 миллиард теңгеге жетті. Мұның бәрі де кәсіпкерлікті жеткілікті түрде қолдаудың нәтижесі дер едік. Шымкент қаласының мегаполис деген статусқа ие болуы инвесторларға, бизнес өкілдеріне, әсіресе, жас кәсіпкерлерге, жалпы, барлық азаматтарға тың мүмкіндіктер ұсынды. Экономика жылдан жылға дамып, инвестициялық ахуал жылдан жылға жақсарып келеді. Жергілікті билік бизнестің алдындағы кедергілерді жою және инфрақұрылымды дамыту бойынша барынша нәтижелі жұмыс атқаруда. Бір ауыз сөзбен айтқанда, бүгінде Шымкентте еңбек етемін, бизнес жүргіземін, алға басып, табысты боламын деген азаматтарға барлық мүмкіндіктер бар. Қалада өндіріс алаңдарына қажеттіліктің артуына байланысты, жаңадан жалпы аумағы 867 гектарды құрайтын 5 өндіріс аймағын құру жұмыстары жүргізілуде.  Мәселен, өнеркәсіп саласын алып қарайтын болсақ, жыл сайын қаншама заманауи, инновациялық өнім шығаратын кәсіпорындар, зауыт-фабрикалар ашылып жатыр. Соның бірі біздің компаниямыздың қаржыландыруымен  ашылғалы отырған – «Стандарт» жеке индустриалды аймағы. Шымкент қаласындағы бұрынғы қорғасын зауытының орнында біз ауқымды жобаны қолға алып отырмыз. Ол негізгі екі бағыттан тұрады: біріншісі, осы аймақта жинақталып қалған 4,5 миллион тоннадай өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу арқылы мыс, күміс концентратын және мырыш оксидін өндіретін зауыт салдық. Бұған дейін қаланың экологиясына, тұрғындардың денсаулығына зиянын келтіріп жатқан өндірістік қалдықтарды өңдеп, кәдеге жаратып жатырмыз.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin