• 19 сентября, 2024 5:02 пп

Мемлекет басшысының «Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты қаншшалықты тиімді

Автор:admin

Авг 2, 2023

Бүгін біз қатардағы тұтынушы ретінде коммуналдық тарифтердің біртіндеп қымбаттағанына көңіліміз толмауы мүмкін. Бірақ, егер мемлекет тарифтерді қолдан шектеп, төмен етіп ұстап отырса, бұл салаларға инвесторлардың қаржы құймайтыны анық. Ондай жағдайда алдағы онжылдықта біз электр жарығы мен жылу қуатының, табиғи газ бен ауыз судың тапшылығына қайта-қайта тап бола береміз. Сондықтан еліміздің ортақ мүддесі мен өз болашағымыздың қауіпсіз әрі тұрақты болуы үшін баршамыз тарифтердің көтерілуіне түсіністікпен қарап, қуат көздері мен ауыз суды барынша үнемдеп пайдалануды үйренуіміз керек.  Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі бірқатар шараларды қолға алған. Атап айтқанда, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і инвестициялық бағдарлама қабылдап, 2022 жылы 121,3 шақырым электр желілері жаңартылған. Ал, биыл 126,3 шақырым желілер мен 4 қосалқы станциясын жаңарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, компания 2024 жылы 147,8 шақырым желі мен 3 қосалқы станцияны, 2025 жылы 90,2 шақырым желі мен 5 қосалқы станцияны жаңарту көзделіп отыр. Бұдан бөлек Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан инженерлік инфрақұрылым желілеріне жұмыстары жүргізіліпті. «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ына тиесілі 898,9 шақырым табиғи газ құбыры жаңғырту үшін 28,2 млрд. теңге қажет. Бұл Шымкент қаласындағы газ құбырларының тозу деңгейін 12 пайызға төмендетеді. Ал, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і 1 902,1 шақырым электр желісін жаңартуы тиіс. Ол үшін 31,4 млрд. теңге инвестиция тартылуы қажет. Бұл электр желілерінің тозу деңгейін 20 пайызға төмендетеді.  Сондай-ақ, «Қуатжылуорталық-3» 19,8 шақырымдық жылу жүйесін жаңғыртуға 3,2 млрд. теңге инвестиция сала отырып, тозу деңгейін 15 пайызға төмендете алады.  «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС-і де 83 шақырым  су құбырын жаңғыртуға – 2,5 млрд. теңге, 18 шақырым су бұру жүйесін жаңғыртуға – 29,8 млрд. теңге инвестиция салуы қажет. Нәтижесінде ауыз су жүйесінің тозу деңгейі 21 пайызға төмендейді. Бүгінде осы жұмыстың барлығын инвесторлар өз қаржысы есебінен жүргізе бастады.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin