• 19 сентября, 2024 4:38 пп

«ІСКЕР ҚАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ 215 ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

Автор:admin

Авг 2, 2023

Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен қолға алынған «Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған «Іскер қала» жобасына биыл 1,4 млрд. теңге қаржы бөлінген.  Бүгінде ерекше креативті бизнес идеясы немесе аяқтан тұруды қажет ететін кәсібі бар бастамашыл 215 жобаға 516,3 млн. теңгеге қолдау көрсетілді. Оның ішінде  шағын несиелендіру бойынша 497,8 млн. теңгеге 204 жоба,  жалдау ақысын өтеу бойынша 18,5 млн. теңгеге 11 жоба мақұлданды. Шымкент қаласы кәсіпкерлік саланы дамыту бойынша елімізде алдыңғы озық қалалардың қатарында. Айта кетсек, «Іскер қала» өңірлік бағдарламасының ерекшелігі  жас және әйел кәсіпкерлер үшін жылдық 1%-бен 10 млн.теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер қарастырылған. Сонымен қатар, өнеркәсіптік парктерді дамыту мақсатында кәсіпкерлерге тоқтап тұрған өндірістік кәсіпорындардан өнеркәсіптік алаңдар беріледі. Өнеркәсіптік парк аумағында өз жобасын іске асыру үшін 2%-бен 50 млн. теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер алуға болады.  Жалпы елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету жеке кәсіпкерліктің және ең алдымен, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне тікелей тәуелді. Сондықтан шағын және орта кәсіпкерлік және жеке кәсіпкерлердің дамуына қолдау көрсету мемлекеттің басты қызметі. Елдің экономикалық өсуіне ықпалын тигізетін бәсекелестіктің дамымауы, жұмыссыздық, кедейшілік және басқалары сияқты көптеген түйткілдерді шешуде  кәсіпкерлерді қолдау 8 жыл ішінде ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Атап айтсақ, бағдарлама арқасында еліміздің кәсіпкерлерді қаржыландыру қолжетімді болды; қаламыздың кәсіпкерлердің бизнес бастамаларына қолдау көрсету артты; ішкі өнім өндіру көлемі ұлғайды; жаңа салынған кішігірім кәсіпорындар арқасында шағын елді-мекен тұрғындарын жұмыспен қамту деңгейі өсті. Бұл шаралар яғни кәсіпкерлерді қолдау Қазақстанның әр облысы мен қаласында қарқынды дамып келеді.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin