• 28 ноября, 2024 10:40 пп

Шымкентте жас кәсіпкер қайтарымсыз мемлекеттік грантпен кәсіп ашып отыр

Автор:admin

Авг 15, 2023

Қала экономикасының локомативтерінің бірі – өңдеу өнеркәсібі. Өнеркәсіп өнімінің көлемі жылдан жылға артып келеді. Биыл оның мөлшері 710 миллиард теңгеге жетеді деп күтілуде. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 10 пайызға жоғары. Мұндай өсімді қамтамасыз етуге қаладағы 4 өнеркәсіптік аймақ ықпал етуде. Олар: 2 индустриалды аймақ пен 1 арнайы экономикалық аймақ және 1 транспорттық-логистикалық аймақ. Бұл аймақтардың жалпы аумағы 743 гектарды құрайды. Алайда, бұлардың барлығы қазір толып қалған. Онда жаңа кәсіпорын салатын жер жоқ, – дейді А.Сәттібаев. – Сондықтан бүгінде біз жаңа индустриалды аймақтар ашуды қолға алдық. Мәселен, 306 гектар алқапты алып жатқан «Жұлдыз» индустриалды аймағының инфрақұрылымы жыл соңына дейін мемлекеттің есебінен салынып бітеді. Қазірдің өзінде осы аймақта кәсіпорын ашуды жоспарлап отырған 25 инвестор бар. Олардың 10-ы өз кәсіпорындарының құрылысын бастап жіберген. Шымкент қаласының тұрғыны Тоқмырзаев Серік 505 мың теңге көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант алып, бүгінгі таңда пластик терезе, есік даярлайтын цех ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Ашылғанына 1 жыл толған цех өнімдеріне жергілікті тұрғындар тарапынан тапсырыс аз емес. Әзірге барлық жұмысты өзі атқарады. Өндіріс орнының иесі сұраныс артып жатса, цех аумағын ұлғайтып, тұрғындарды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Дәл осындай грант иесі шаһар тұрғыны Мысқалбай Ұлназық былтыр қажетті жабдықтар алып, массаж кабинетін ашқан. Бүгінде күніне 7-8 адамға ем-дом жасап, айына орта есеппен 200 мың теңге табыс табады. Бұдан өзге, Шымкент қаласының арнайы санатқа жататын тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 887,9 млн теңге қаржы қаралған. Сондай-ақ, 1-6 жасқа дейінгі балаларды кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтуға (азық-түлік және гигиена кұралдар жиынтығы) 195,4 млн теңге бағытталған. Қазіргі таңда ауданда атаулы әлеуметтік көмек алған отбасы саны – 598, ал кепілдірілген әлеуметтік пакет отбасы саны 600-ге жуық. Атап айтқанда, кепілдірілген әлеуметтік пакетпен қамтылған 1-6 жас бала саны – 1968, оның ішінде 1-3 жас бала саны – 850, 3-6 жас бала саны – 1118, оларға төленген қаржы — 27,1 млн теңге.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin