• 29 ноября, 2024 4:49 дп

Шымкентте мемлекеттік-жекешелік әріптестікті арттыру бойынша кешенді жұмыстар артқарылуда

Автор:admin

Авг 16, 2023

  Кәсіпкерлік сектордың дамуына әсер ететін ауқымды бағыттың бірі – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік. Бұл мемлекеттік органдар мен жеке меншік сектордың қоғам игілігі үшін атқарылатын жұмыстарда ынтымақтастық орнату арқылы жүзеге асырылады. Бұл бағыт бүгінгі нарықтық қоғамға қалай енді, ерекшелігі мен тиімділігі қандай?  Бүгінде елімізде Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы жұмыс істейді. Бұл елімізде жаңа үлгідегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытудың алдыңғы қатарлы сараптамалық орталығы болып саналады. Бұл орталыққа мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында жоғары білікті, бірегей білімді және тәжірибелі мамандар жұмылдырылған. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында зерттеулер жүргізуге, инвестициялық жобаларды сараптау және оның іске асырылуын бағалауға бағытталып отыр. Біз жобаларға консультациялық қолдау көрсете отырып, олардың жүзеге асырылуына қолғабыс көрсетеді. Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының 2023 жылдың сәуір айындағы мәліметіне сүйенсек, осы салада 893 жоба бар, оның ішінде жалпы сомасы 103,994 млрд теңге болатын 206 келісімшарт жасалған, ал жалпы сомасы 15 973 млрд тееңге болатын 81 келісімшарт тіркеу кезеңінде тұр. Сонымен қатар жалпы сомасы 394 896 млрд теңгенің 102 жобасы байқау кезеңінде болса, 733 147 млрд теңге сомасындағы 504 жобаның құжаттары реттелу үстінде.  Биыл Шымкентте мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 34 млрд.теңге көлемінде инвестиция тартылып, 30 жоба іске асырылып жатыр екен. Атап айтқанда, білім беру – 2 жоба,  денсаулық сақтау – 6 жоба, спорт – 4 жоба,  абаттандыру – 15 жоба, төтенше жағдай – 1 жоба,  ауыл шаруашылығы – 1 жоба, басқа да  сала бойынша бір жоба атқарылып жатыр. Сонымен қатар, 54 млрд.теңгені құрайтын 8 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде инженерлік-инфрақұрылым – 4 жоба, көлік инфрақұрылымы – 2 жоба, спорт – 1 жоба,  денсаулық – 1 жоба. Шаһар басшысы нәтижесінде жеке инвестиция тарту арқылы 59,9 млрд.теңгеге бюджет жүктемесі төмендетілетінін мәлімдеді.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin