• 3 декабря, 2024 6:10 пп

«Samruk-Kazyna Trust» АҚ қайырымдылық қызметі аясында түркістандық 150 бала оңалтудан өтеді

Автор:admin

Авг 31, 2023

Түркістан облысындағы Түлкібас ауданыңда балаларды дамыту және инклюзивті білім беру орталығы «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауының арқасында жаңаша қарқында жұмыс істей бастады.

Орталықта тірек-қимыл аппараты бұзылған, ой-сана дамуы тежелген, мінез-құлқында ауытқу бар, сөйлеу қабілеті төмен, яғни арнайы оқытуды қажет ететін 4-17 жастағы балалар мен жасөспірімдерге педагогикалық-психологиялық түзету, логопедиялық-дефектологиялық, арт-терапиялық жәрдем жасалып, ем алу мақсатындағы тренингтер ұйымдастырылады. Оңалтудан ата-ананың қарауынсыз қалған, көпбалалы және аз қамтылған және ерекше балалар өте алады. Бұл Қордағы компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы  «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылай көмегі арқылы мүмкін болып отыр.

«Дені сау ұлт — Қазақстанның болашағы және еліміздің дамуының негізі. Ерекше қамқорлыққа мұқтаж өскелең ұрпақ үшін қолдаудың қаншалықты маңызды екенін түсіне отырып, біз бүгінгі іс-шараға «Самұрық-Қазына» қорына кіретін «Қазатомөнеркәсіп» атом холдингі атынан арнайы келдік. Балаларды тәрбиелеу және оларға қажетті жағдайларды қамтамасыз ету – біздің ортақ міндетіміз. «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен Түлкібас ауданының ерекше білім беруді қажет ететін 150 баласы жыл бойы тегін оңалтудан өтетініне қуаныштымыз», — деп атап өтті«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директоры Мұхит Мағажанов  .

Орталық қызметіне дефектолог, психолог, емдік-дене шынықтыру сауықтыруы, арт-терапия секілдібағыттарда 10-ға жуық маман жұмылдырылған.

«Менің ерекше білім беру қажеттілігі бар бір ұлым, бір қызым осы орталыққа келіп педагогикалық-психологиялық  түзету кабинетінен  білім алып жүр. Нәтижесі өте жақсы, ұстаздары да өте білімді, білікті, өз ісінің шеберлері.  Түлкібас кенті тұрғындары болып, бәріміз өте қуаныштымыз. Қолдау көрсетіп отырған «Самұрық-Қазына» қорына алғысымызды білдіреміз», — деді көпбалалы ана Эльмира Жапашева.

«Samruk-Kazyna Trust» қорының қызметінде Түркістан өңірінде 2017-2023 жылдары 1,8 млрд теңгеге 23 жоба жүзеге асты. Оның ішінде «Қамқорлық» оңалту орталықтары, «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік осал топтағы 6 мыңнан астам оқушыға мектеп құралдарын алып беру, мектепішілік санитарлық тораптар орнату және ауылдық медицина нысандарына жаңа жедел жәрдем көліктерін табыстау сияқты қадамдар бар.

Автор: admin