• 24 ноября, 2024 9:50 пп

Партияның – қоғамдығы  рөлі!

Автор:admin

Авг 13, 2023

Қазіргі күндегі заманауи мемлекеттің саяси өмірін идеялардың, ағымдардың, тұлғалардың күресінсіз көзге елестету мүмкін емес. Бәсекелестік қағидаты әртүрлі топтардың мүдделерін білдіретін бірлестіктердің өмір сүруін қажет етеді. Бұл топтар әлеуметтік, ұлттық, идеологиялық принциптер бойынша ұйымдасады (қандай да бір шамада бұл қағидаттар бір-бірімен өзара байланысты). Қоғам өміріне саяси партиялар, қозғалыстар, ассоциациялар, кәсіподақтар мен тағы басқа да ұйымдар қатысады. Саяси партиялардың негізгі мақсаты — қоғамның саяси өміріне қатысу, билікті алуға қол жеткізу және мемлекетті басқаруға ұмтылу. Саяси жүйедегі партиялардың рөлдерін зерттеу саясаттанудағы маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Осы саладағы көрнекті теоретиктер қатарында М.Вейнер, М.Дюверже, Р.Шварценберг, Дж. Сартори тәрізді ғалымдарды айтуға болады. Әртүрлі елдердегі партиялардың қызмет атқаруы, саяси партиялар мен партиялық жүйелерді типологиялау, әртүрлі саяси режимдердегі партиялық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесулері — аталған ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің басты бағыттары болып табылады.

Қоғамның саяси өміріндегі саяси партиялар мен қозғалыстардың негізгі функциялары:

— әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін, көзқарастарын анықтау, пысықтау және институционализациялау;

— осы мүдделерді қоғамның барлық деңгейінде және билік институттары шеңберінде білдіру, көрсету;

— мемлекет пен азаматтық қоғам арасында берік және көпдеңгейлі байланыстарды орнату;

— басқа партиялардың бағдарламаларымен бәсекеге түсу негізінде қоғамды дамытудың бағдарламалық мақсаттарын әзірлеуге қатысу;

— халық бұқарасын қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуға тарту;

— партияның белсенді және қабілетті мүшелерінің қатарынан саяси элитаға рекруттеу;

— заңнамалық және билік институттарының жұмыстарына қатысу. Партия қоғамдьщ құрылысты, билікті ұйымдастыруды және бүкіл

мемлекет өмірін жетілдіру бойынша нақты бағдарламаны ұсынатын саяси топ ретінде көрінеді. Мұндай мақсаттардың негізіне әдетте идеялық ұстанымдар түрінде көрініс табатын әлеуметтік топтардың мүдделері қойылады. Партия идеологиясы — партия мүшелері оны шынайылыққа айналдыруға ұмтылатын рухани қүндылықтар мен бағдарламалық ережелерді білдіреді. Әдетте партиялар өздерінің қызмет бағыттары мен ішкі ұйымдасуын айқындайтын негізгі құжаттарды — бағдарлама мен жарғыны қабылдайды. Жарғы партияның ұйымдық құрылымын көрсетеді. Әдетте, жеке азаматтардың партия қызметіне қатысуы әртүрлі нысандарда іске аса алады: 1) Партия мүшелігі. Партиялардың көпшілігі қатаң белгіленетін мүшелікпен ерекшеленеді, яғни партия қүрамына жаңадан қабылданған әрбір адам. мүшелік билет алады. Партия рәміздері, төсбелгілер, киім түрі және тағы басқа да заттар адамның белгілі бір партияға мүше екенін білдіретін ерекше белгілерге жатады. Үйымның қызметіне қатысу және оның қатарынан шығу тек ерікті негізде болуы тиіс. Партия мүшелері жиналыстар, шерулер, саяси кампаниялар, қайырымдылық акциялар түріндегі көптеген іс-шаралар үйымдастырумен және өткізумен айналысады, олар сонымен қатар мүшелік жарна төлейді. Бірқатар партиялардың жарғыларында партия мүшелері іс-шараларға қатыспаған немесе басшылықтың идеологиялық бағытын мойындамайтын жағдайда адамды партия қатарынан шығарып тастайтын ережелер де бар екенін айта кету керек. Демократиялық бағыттағы партиялардың көпшілігі идеялық әртүрлі пікірлердің болуына және осының негізінде пайда болатын жеке фракциялардың өмір сүруіне жол береді. 2) Партияда өз мүшелерінен бөлек, оның идеялық ұстанымдарына тілектес және партия лидерлеріне сайлау кезіндегі күрестерде көмек көрсететін жақтастары да болады. Осындай адамдар партияға дауыс берушілердің негізгі бөлігін құрайды. Партия жақтастарының құрамы саяси ортадағы өзгерістерге байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Белгілі бір нақты партияны қолдайтын азаматтар тобын электорат деп атайды. Партияның аз да болса тұрақты электоратының болуы аталған ұйымның қоғамда өз орыны бар екендігін білдіреді. Ал электорат ұғымы кең машнада сайлауға қатысу құқығына ие елдің барлық тұрғындарын белгілеу үшін қолданылады. 3) Оның қызметін ұйымдастырумен айналысатын адамдардан тұратын аппарат — партия ядросы болып табылады. Олар осы қызметтері үшін еңбекақы алуы мүмкін. Аппарат партия құжаттарын дайындайды, мүшелік жарналарды жинайды, басқа ұйымдармен және мемлекетпен байланысты жүзеге асырады. Әртүрлі елдердің партиялық ұйымдары белгілі бір түрде мемлекеттік аппарат, парламент, қоғамдық ұйымдарға кадр дайындайтын ұстахана ретінде көрінеді. Бірлестік ішінде азаматтардың саяси күреске қажетті дағдыларды алуымен, әлеуметтік-экономикалық және саяси мүдделерді қорғауда халық бұқарасын өз жағына тарта алатын әдістерді үйренуімен қатар, олардың дүниетанымдарының қалыптасуы жүреді. Партия жұмысы өз мүшелері арасындағы ұйымдастырушылық және мемлекеттік қызметке қабілетті адамдарды анықтауға мүмкіндік береді, ал олар өз кезегінде мемлекеттегі маңызды лауазымдарға үміткерлерге айналады. Жалпыұлттық партиялар бүкіл елдегі кең таралған құрылымдық бөлімшелеріне арқа сүйейді. Жарғыда партияны басқарудың қалай іске асатыны, оның орталық және жергілікті органдарын қандай қатынастар байланыстыратыны айқындалады. Жарғыда, сонымен қатар, партияның аймақтық және және жалпыұлттық басқару нысанын сайлау көрініс табады. Партия бағдарламасы — соның негізінде қоғамның қазіргі жағдайы және оның алдағы болашағына қатысты қатынастар қалыптасатын белгілі бір нақты құндылықтарды ұстанатындығын жариялайтын негізгі құжат болып табылады. Демократиялық мемлекеттегі партиялар әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіреді. Көзқарастары, пікірлері мен сенімдері түрғысынан бір-біріне жақын адамдар осындай бірлестіктер арқылы өз мүдделерінің шеңберін белгілеп, болашақтағы міндеттерін құрады. Партия көптеген адамдардан тұратын ұжым болып табылатындықтан, олардың партияға мүше болуы партия мүшелеріне қоғамдық пікірталастарда және мемлекет деңгейінде көтерілуі тиіс мәселелерді табуға көмектеседі. Қоғамдағы негізгі саяси ұйымдардың қолданыстағы бағдарламалары негізінде айтарлықтай сенімді түрде елдегі партия күштерінің арақатынасын анықтауға және онда қазіргі күнде бар қайшылықтарды табуға болады. Кез келген саяси партия сайлауларда жеңіске жетуге ұмтылады және сайлаушылардың басым көпшілігін дәл осы партияның саяси бағыты ғана елдегі барлық күрделі мәселелерді пәрменді түрде шешуге мүмкіндік беретіндігіне сендіру мақсатын ұстанады. Ол сондықтан өз жақтастарының қатарына бір топтың немесе бір таптың өкілдерін тартумен қатар, бір мезгілде өзінің жалпыұлттық мүдделерге жақын екендігін жариялап отырады. Партиялар өздерінің көптүрлілігінің арқасында жекелеген топтардың әртүрлі, көп жағдайда бір-біріне қайшы келетін мақсаттары мен міндеттерін мемлекет деңгейінде біріктіруге және оларды түтастыққа айналдыруға мүмкіндік беретін қүрал болып табылады. Бұл үдерістің соңғы нәтижесі, ең біріншіден, сайлаушылардың еріктері мен қалауларына тікелей тәуелді болады. Демек, парламенттен көп орын алған партия соған сәйкес өз бағдарламаларын іске асыруға да көп мүмкіндік алады. Партияның парламенттен аз орын алып қалуы оның саяси өмірде рөл ойнамайтындығын білдіре ме ? Саяси партиялардың қалыптасу тарихы. Қазақ хандығы дәуірінде саяси күрес негізінен беделді түлғалар болып саналатын хандар мен сұлтандардың төңірегіне жинақталған ірі ру-тайпалық топтардың арасында жүрді. Мұндай бейресми ұйымдар бір жүздің немесе ру-тайпаның өкілдерін ғана қамтитын. Әртүрлі ру-тайпалардың өкілдері билеушінің (ханның) орнына күрес басталған кезде ғана өткір бәсекелестіктер пайда болатын. Қазақстан Ресейге қосылып жатқан кезеңде осы одақты жақтаушылар мен қарсыластар топтары қалыптасты. Ал, Батыс Еуропада феодалдық кезеңдегі осы тәріздес бірлестіктер қазіргі күндегі саяси партиялардың бастауына айналды. Әртүрлі мүдделердің төңірегінде уақыт өте келе тұрақты топтарға айналған саяси бағыттағы уақытша одақтар мен каолициялар көрініс таба бастады. Осы орайда, XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың басында Англия мен АҚШ-та заманауи түрдегі саяси партиялар пайда бола бастады деп айтуға болады. Ресейде партиялар ХХ ғасырдың басында қалыптаса бастады. Қазақстан да сол кезеңдегі империяның бір бөлігі ретінде осы үдерістерге тартыла бастады. Қазақстан аумағындағы ірі қалаларда жалпыресейлік партиялар мен ұйымдардың (кадеттер, ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясы, социалист-революционерлер, меньшевиктер және т.б.) филиалдары пайда бола бастады. Қазақ зиялылары арасында ұлт-азаттық түғырдағы алғашқы «Алаш» және «Үш жүз» партиялары құрылды. Олар қазақ мемлекеттілігін қайта қүруды және қазақ халқының мәдениетін, оның өмірлік және құқықтық жүйесін қорғауды мақсат етіп қойды. Одан бөлек, ел тұрғындарының бір бөлігі Түркістан аймағында әрекет ететін жергілікті мұсылман партиялары мен ұйымдарына белсенді түрде қолдау білдірді. Яғни, осы кезеңде көппартиялық пен парламентаризмнің пайда бола бастағаны туралы айтуға болғанымен, бір мезгілде демократия негіздері жаңадан қаланып жатқандықтан оның қалыптасқаны және дамығандығы туралы айтуға әлі де ерте еді. Ресей империясындағы сайлаулар еркін және теңқұқықты болмады — олар сословиелік принцип бойынша жүргізілді. Қазақтардың Мемлекеттік Думадағы үлесі де тым мардымсыз болатын. Ресейдегі және оның бір бөлігі болып табылатын сол кезеңдегі Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасу тарихы революция алып келген қайғылы оқиғалармен аяқталды. «Алаш» партиясының қайраткерлері 1917-1918 жылдардағы Қазақстанда орын алған оқиғаларға белсенді қатысты. Олардың Алашорда ұлттық өкіметін жариялаған үндеуін большевиктер сатқындық деп айыптап, оны таратып жіберді. «Алаш» ұйымының көптеген қатысушылары қуғындауларға түсіп, олардың бір бөлігі кеңес билігіне қолдау білдірді. Дегенмен 30 жылдары олар да қуғын-сүргінге ұшырап, көпшілігі атылу жазасына ілігіп кетті. Большевиктер азамат соғысында жеңіске жеткеннен кейін КСРО-да қызмет атқаратын бірден-бір партия — Кеңестер Одағының Коммунистік партиясы (КПСС) қалды. Біздің республикада оның филиалы болып табылатын Қазақстан Компартиясы қызмет атқарды. Яғни, 1917 жылғы қазан төңкерісі парламентаризм мен демократия негіздерінің қалыптасуының табиғи барысына нүкте қойды деп айтуға болады. Кеңестер Одағында өткен ғасырдың 80 жылдарының соңына дейін Коммунистік партияға балама партиялар мен үйымдарды қүру туралы сөз қозғаудың өзі артық еді. Кеңестік жүйеде қайта құрудың басталуы (1985 жыл) елдің дамуындағы жаңа жолдарды іздестіруге алып келді. Шығармашылық және зиялы қауым арасында, одан кейін тұрғындардың кең бөліктерінің арасында қоғамда белең алған экономикалық және саяси тоқыраудан шығуға қатысты әртүрлі пікірлер қалыптаса бастады. Жаңару мен демократияландыру идеяларының негізінде халық фронттары, демократиялық күштер одағы, демократиялық партия, демократиялық одақ және басқа да осы бағыттағы көптеген балама ұйымдар пайда бола бастады. Ұлттық тәуелсіздік үшін күреске одақтас республикалардағы бүқаралық қозғалыстар қатысты. Қазақстанның суверенитеттілігі идеясының жақтаушылары бірнеше ұйымдарға бірікті. Осы қатарда бастапқыда Қазақстанның «Азат» азаматтық қозғалысы, «Алаш», «Желтоқсан» партиялары кең танымал болды. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген соң елдегі саяси күштердің қайта топтасуы орын алды. Өйткені қоғам жағдайының өзгеруі саяси ұйымдардан өз мақсаттары мен міндеттеріне қатынастағы жаңа әдістер мен жолдарды талап ете бастады. Еліміздегі сол кезеңдегі ең үлкен партия болып табылатын Коммунистік партия қайта реформаланып, өз атын социалистік партияға ауыстырды. Коммунистік идеалдарға қатынастағы сенімдерін сақтап қалған консервативтік күштер көп өтпей-ақ Компартияны қайта құрып алды. Елімізде 1990 жылдары сонымен қатар Социалдемократиялық партия, «Желтоқсан» партиясы, Қазақстан Халық Конгресі, Қазақстанның Қайта өрлеу партиясы, Демократиялық партия, Республикалық партия, Қазақстан Халық Шрлігі партиясы, ХалықКооперативті партиясы, Азаматтық партия, «Отан» партиясы тәрізді саяси күштер құрылды. Сонымен қатар Либералдық қозғалыс, Халық фронты, «Азамат» қозғалысын құру туралы жарияланды. Осы айтылып отырған ұйымдардың бір бөлігі қазіргі күнде өз қызметтерін тоқтатты.

 

Еліміздегі бірқатар ұйымдар жаңа құрамдағы парламент сайлауларына қатысты. Мәселен, 1995 жылғы депутаттық корпуста Қазақстан Халық Конгресі партиясы, Қазақстанның Халық Бірлігі партиясы, Халық-Кооперативті партиясы, Қазақстанның Қайта өрлеу партиясы, «Лад» славян қозғалысы және басқа да партиялардың өкілдері болды. Парламенттегі айтарлықтай көп орынды Қазақстанның Халық Бірлігі партиясы иеленіп, ол Мәжілісте 27 орынға (палата депутаттарының жалпы санының 40%) және Сенатта 18 орынға (38%) ие болды. Өкінішке орай, сол кезеңде қоғамдық пікірді зерттеулер мақсатында жүргізілген сауалнамалар сайлаушылардың басым бөлігінің саяси ұйымдар мен олардың жұмыстары туралы мардымсыз білетіндігін көрсетіп берді. Бұл жағдай қоғамдағы азаматтық белсенділіктің төмендігімен, сонымен қатар партия лидерлерінің ұйымдастыру жұмыстарының әлсіздігімен тікелей байланысты болатын. Дегенмен, осыдан кейін орын алған елдегі жаңа сайлаулар кезінде саяси ұйымдар мен азаматтардың саяси белсенділіктері шыңдала бастады. Мәселен, 1999 жылы өткізілген президент сайлауына дайындық кезінде бірнеше жаңа партиялар мен қозғалыстар қоғамдық алаңға шықты. Олардың қатарында «Әділ сайлаулар үшін», «Қазақстан — 2030» қозғалыстары, «Азаматтық партия, «Аграрлық партия», «Отан» партиясы болған болса, «Табиғат» экологиялық ұйымы өзінің саяси партияға айналатындығын жариялады. 2003 жылы «Асар» партиясы құрылып, бұл партия 2004 жылғы сайлауда Мәжілістен бірнеше орын алуға қол жеткізді. 1999 жылғы сайлау нәтижесінде Парламент Мәжілісіне «Отан», Азаматтық, Аграрлық және Коммунистік партиялардың депутаттары сайланды. 2004 жылы өткен келесі сайлау мынадай нәтижелерді көрсетті. Сайланған 77 депутаттардың ішіндегі 59 депутат саяси партиялармен ұсынылған болса, оның ішінде: «Отан» республикалық саяси партиясы — 42, Азаматтық және Аграрлық партиялармен құрылған «АИСТ» блогы — 11, «Асар» республикалық партиясы — 4, «Ақжол» демократиялық партиясы — 1 және Қазақстанның демократиялық партиясы — 1. Қалған 18 депутат өзін-өзі ұсыну жолымен сайланды. 2006 жылы «Отан» партиясының базасында және оған қосылған «Асар», Азаматтық және Аграрлық партиялардың негізінде «Аманат» демократиялық саяси партиясының құрылуы — Қазақстанның саяси алаңындағы елеулі оқиға болды. Ал келесі жылы «Аманат» партиясы қазақстандық парламентті толық өз қолына алды. 2007 жылғы сайлаулар нәтижесі бойынша Мәжіліске аталған партиядан 98 депутат өткен болса, қалған 9 депутат Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланды. Мәжіліс құрамы осының алдында орын алған конституциялық өзгерістерге сәйкес, 107 депутатқа дейін ұлғайтылған болатын.

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin