• 24 ноября, 2024 2:27 дп

Партиялық жүйелердің түрлері.

Автор:admin

Авг 14, 2023

Партиялық жүйе қоғамда қызмет атқарып отырған барлық партияларды, сонымен қатар олардың арасындағы өзара қатынасу нысандары мен қоғам өміріндегі рөлдерін қамтиды. Партиялардың жағдайларының ерекшеліктері мемлекет заңнамасымен, оның тарихи, ұлттық және діни ерекшеліктерімен айқындалады. Партиялық жүйенің қалыптасуына қоғамның саяси дамуы мен мәдени деңгейі де ықпал етеді. Билікке ықпал ете алатын партиялар саны түрғысынан партиялық жүйелердің келесідей түрлері бар:

— бірпартиялық, яғни мүнда бір партия қоғам өмірінің барлық салаларына бірден-бір ықпал ете алады. Нақты айтқанда, партия мен билік функцияларын ажырату тым қиын біртұтас бюрократиялық организмге айналып кетеді. Кейде монопольдық сипаттағы билік партиясын авангардттық партиялар деп те атайды, өйткені олар бүкіл қоғамды өз артынан ертіп жүреді.

— екіпартиялық, яғни мүнда билікке бір-бірімен бәсекелес екі партия күреседі. Әдетте, тек осы партиялар ғана президент лауазымына кандидаттар үсынып, депутаттық мандаттарды алады. Бұл жүйе бір тарап кезек-кезегімен жоғары көтеріліп отыратын әткеншекке ұқсайды

— көппартиялық, мұнда сайлаушылардың дауыстары үшін бірден көп (кейде ондаған) партиялар бәсекеге түседі. Тұрғындар дауыстары көптеген бөліктерге бөлінетіндіктен, бірде-бір күштің абсолютті басымдыққа ие дауыс жинай алмай қалатын жағдайлар да жиі кездесіп отырады. Мұндай жағдайда әртүрлі коалициялар құрылады, яғни үкімет құрамына бір мезгілде бірнеше партиялардың өкілдері енеді. Кейбір жағдайларда партиялардың нақты саны партиялық жүйенің түріне сәйкес келмеуі мүмкін. Мәселен, бірпартиялық жүйеде ресми режиммен күресетін заңсыз түрде жұмыс атқаратын партиялар өмір сүре алады. Одан бөлек, бірпартиялық мемлекет ішінде не партия ішінде басшылық етудің тоталитарлық немесе авторитарлық әдісінің үстемдік етуін білдірмейтін жағдайлар да орын алып отырады. Тіпті, АҚШ тарихында Азаматтық соғыстан кейін бірпартиялық жүйе өмір сүрген кезеңдер болғанын айта кету керек. 1923 жылдан 1946 жылға дейінгі аралықта Түркияда Мұстафа Кемал Ататүрік негізін қалаған халықтық-республикалық партия қызмет атқарды. Қоспартиялық жүйе жағдайында халық бұқарасы тарапынан ешқандай қолдау таппайтын шағын партиялар да заңды түрде әрекет етеді. Ал ресми тұрғыдағы көппартиялық жүйе бір ұйымның билікке монополиясын жасырып тұрған бетперде болуы да мүмкін. Мәселен, бұрынғы социалистік жолдағы Германия Демократиялық Республикасында билік басындағы Германияның социалистік біртұтас партиясынан басқа, елде мемлекетті басқару ісіне қандай да бір түрде шынайы қатыспаған үш партия қызмет атқарды. Қытайда да бірнеше партиялар бар болғанымен, бұл елдегі билік басындағы коммунистік партияның орны мен рөлі конституциямен бекітілгендіктен басқа саяси күштер қоғам өмірінде елеулі рөл ойнай алмайды. Қазіргі күндегі беделді саясаттанушылардың бірі болып саналатын А. Пшеворский «демократия — партиялар сайлауларда жеңіліске ұшырап отыратын жүйе» деп жазды. Шынайы демократия жағдайындағы саяси күресте уақытша жеңіске жетушіл ер мен жеңіл іс табатындар болуы мүмкін. Ал Партиялардың сайлауларда жеңіске жетуі жүйенің демократиялық екендігін білдірмейді: мәселен кешегі күнге дейін социалистік Албанияда халықтық партия үлкен жеңістерге қол жеткізіп келді. А.Пшеворский осы орайда, сайлаулар кезінде жеңіліс табу әлеуметтік мін немесе қылмыс болып табылмайтын жағдайда ғана демократиялық принциптер берік орнығады деп көрсетеді. Партиялардың саны партиялардың қызметтерінің мәні мен олардың рөлдерін үнемі айқындай алмайтындықтан, партиялық жүйелерді көп жағдайда саяси режимге байланысты демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық деп бөліп қарастырады. Қоғамдық-саяси қозғалыстар. Қоғам өмірінде партиялардан басқа қоғамдық-саяси қозғалыстар да маңызды рөлге ие. Біздің елімізде өткен ғасырдың 80 жылдарының аяғында алғашқы қоғамдық қозғалыстар пайда бола бастады. Олардың қатарында ең танымалдары ретінде «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы, «Азат» азаматтық қозғалысы, «Лад» славян қозғалысы тәрізді үйымдарды көрсетуге болады. Қозғалыстардың пайда болуы — саяси және қоғамдық плюрализмнің (көзқарастар мен пікірлердің саналуандылығы) дамуындағы бастапқы қадам. Саяси партиялардың көбінесе қозғалыс негізінде қалыптасатыны да осыдан болса керек. Қоғамдық қозғалыс — ортақ мақсаттарды іске асыру үшін құрылған азаматтардың бұқаралық бірлестігі болып табылады. Осы орайда, барлығымыз үшін экологиялық, ұлттық, әйелдер, жастар және тағы басқа да қозғалыстар жақсы таныс. Ғылымда қоғамдық қозғалыстарға қатысты бірнеше тәсілдер бар. Әдетте, қоғамдық ұйым ұғымы мақсаттары мен міндеттері мен сол бағытта өткізетін бұқаралық шаралары тұрғысынан бір-біріне жақын келетін барлық ұйымдар мен одақтардың жиынтығын білдіреді. Мұндай түсінікте, мәселен, жұмысшы қозғалысы ұғымымен жұмысшылардың мүдделерін білдіретін барлық партиялар, ұйымдар мен кәсіподақтармен қатар олардың мүдделерін қорғауға бағытталған ереуілдер мен шерулерді айтуға болады. Әйелдер қозғалысы саясатта, экономикада және отбасында әйелдерді кемсіту мен шеттетуді жоюды мақсат ететін нәзік жандардың көптеген өкілдерін біріктіреді. Жастар ұйымдары, өз кезегінде, жастардың білім алу, денсаулық сақтау, демалу құқығын, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етудегі кең кепілдіктерді қолдайды. Қазіргі күндегі заманауи қоғам өмірінде әртүрлі экологиялық ұйымдар белсенді рөл атқарады. Олар қатерлі өндіріс орындарын жабу, экологиялық бағдарламаларды қабылдау мен орындау тәрізді мақсаттар үшін күрес жүргізеді. Қозғалыс түсінігінің тағы бір мағынасы — көптеген қозғалыстар ұйым түрінде құрылады. Бұл жағдайда қоғамдық қозғалыстар деп өз мақсаттарына қол жеткізу үшін күрес жүргізетін нақты қоғамдық ұйымдарды айтады. Мұндай қозғалыстар мемлекеттік органдарда тіркеледі, саяси күрес жүргізеді, тұрғындарды өз қатарына саяси партиялар тәрізді тартады. Қозғалыстардың саяси партиялардан негізгі ерекшелігі:

 

— Бұқаралық сипат. Қозғалыстар құрамы тым әртүрлі және көптеген таптар мен әлеуметтік топтарды қамтуы мүмкін.

— Нақты ұйымдасу құрылымының жоқтығы. Қозғалыстарда нақты белгіленетін мүшелік болмайды. Олардың құрамына жеке азаматтар да, сонымен қатар ұйымдар да кіре алады.

—  Бір немесе бірнеше мақсаттар төңірегіне бірігу. Қозғалыстар өз мүшелерінен барлық мәселелер бойынша идеологиялық жақындықты талап етпейді. Әдетте, азаматтарды нақты мақсат біріктіреді, ал ол мақсатқа қол жеткізу сол қозғалыстың ыдырауына немесе оның жаңа ұрандармен қайта қүрылуына алып келуі мүмкін. Мәселен, 80 жылдардың аяқ кезінде ұлттық тәуелсіздік идеясы бұрынғы КСРО республикаларының көптеген азаматтарын біріктірді. Осының негізінде Латвия, Эстония, Грузия, Әзірбайжан, Белоруссия, Молдавия елдерінде халық фронттары, ал Украинада «Рух», Литвада «Саодис», Арменияда армяндық жалпыұлттық қозғалыстар пайда болды. КСРО қүрамындағы республикалардың осыдан кейін көп өтпей-ақ өз тәуелсіздіктеріне қол жеткізуі, өз кезегінде, сол идея негізінде құрылған саяси партиялар мен басқа да ұйымдардың ыдырауларына алып келді. Ал, өздерін сақтап қалған қозғалыстар өз мақсаттары мен міндеттерін өзгерте отырып өздерінің бұрынғы бұқаралық сипатынан айырылды. Оларды тіпті жаңа ұйымдар деп те айтуға болады. Жоғарыда аталған барлық нақты ұйымдар («Невада-Семей», «Азат» және т.б.), өздерін тек осы мағынада қозғалыстар деп атайды. Олардың партиялардан ерекшелігі — олар парламенттік орындар үшін және үкіметті жасақтау құқығы үшін күресуді өздерінің алға қойған мақсаттарына қол жеткізудегі басты әдісі деп санамайды. Сондықтан, олар бұқаралық шаралар ұйымдастыру жолымен мемлекетке, жергілікті билік органдарына ықпал етеді, олардың қандай партияларға жататындығына қарамастан депутаттарды өз жағына тартып жұмыстар жүргізеді. Солай болса да, бірқатар қозғалыстар сайлау кампанияларына қатысады және онда біршама жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады. Мұндай ұйымдардың көпшілігі өздерінің саясатқа араласпайтындықтарын жариялай отырып, өздеріне жақын партиялар мен одақтарға қолдау білдіру жолымен саяси күреске жанама түрде қатысады. Қазіргі күнде Қазақстанның саяси өмірінде әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар — партиялар, кәсіподақтар, әйелдер, жастар, діни ұйымдары, клубтар, одақтар, ассоциациялар, құқық қорғаумен айналысатын бірлестіктер және тағы басқа да көптеген ұйымдар әрекет етеді.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin