• 23 ноября, 2024 9:19 пп

Елімізде азаматтық қоғамның дамуы

Автор:admin

Авг 9, 2023

1980-жылдардың аяғы мен 1990-жылдардың басында басталған экономикалық, əлеуметтiк жəне саяси салалардағы түбегейлi реформалар түрлi əлеуметтiк топтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн қоғамдық бiрлестiктердiң құрылуын ынталандырды. Қазақстанда алғашқылардың бiрi болып экономиканың мемлекеттiк емес секторы қызметкерлерiнiң мүдделерiн бiлдiрген тəуелсiз кəсiподақтар пайда бола бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық жəне дiни бiрлестiктер, саяси партиялар белсендi түрде институцияланды. «Невада—Семей» қоғамдық қозғалысы азаматтық сана-сезiмнiң анағұрлым жарқын көрiнiсi болды, ол өз алдына ядролық полигондарды жабу мiндетiн қойды. Елдегi азаматтық қоғам мен оның институттарын белгiлi бiр дəрежеде дамытуға мемлекеттiң осы процесс үшiн тиiстi саяси, құқықтық жəне өзге де жағдайлар жасау жөнiндегi қызметi жəрдем етедi. 1991 жылғы 27 маусымда «Қазақ КСР-iндегi қоғамдық бiрлестiктер туралы» Қазақ КСР-iнiң Заңы қабылданды. Нəтижесiнде елде «Қазақстанның халық конгресi», «Алаш» партиялары, Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (ҚСДП), Қазақстанның социалистiк партиясы, Қазақстанның Республикалық партиясы, «Лад» республикалық славян қозғалысы жəне «Азат» Қазақстанның азаматтық қозғалысы, «Мемориал» қоғамдық-ағарту қоғамының филиалы, Алматы- Хельсинки тобы, «Бiрлiк» қозғалысы, «Əдiлет» тарихи-ағарту қоғамы, «Поколение» зейнеткерлер қозғалысы жəне басқалары пайда болды. 1990 жылдардың басында Əлеуметтiк қорғау коалициясы құрылды, оның аясына қоғамдық өткiр проблемаларды талқылау, оларды шоғырланған негiзде шешудiң тетiктерiн iздестiру жолымен еңсеру жөнiнде бiрлескен жұмыс үшiн 28 түрлi ұйымдар, партиялар, қозғалыстар бiрiктi. 1994 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентi əлеуметтiк-экономикалық жəне еңбек қатынастары саласындағы Əлеуметтiк серiктестiк жөнiнде республикалық үшжақты комиссия құру туралы Қаулыға қол қойды, бұл сындарлы үшжақты қатынастарды дамытуға жəне əлеуметтiк серiктестiк жүйесiн құрудың бастауы болды. Партиялар мен қозғалыстардың құрылуы мен жұмыс iстеуi жəне, тиiсiнше, елдiң партиялық жүйесiнiң одан əрi дамуы үшiн құқықтық өрiс құруға 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» жəне «Саяси партиялар туралы» Заңдарының қабылдануы ықпал еттi. Бұдан басқа, Қазақстан халықтары Ассамблеясына бiрiккен ұлттық мəдени орталықтар белсендi дами бастады. Этносаралық келiсiм елде реформалар жүргiзудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн iргетасқа айналды. 1990 жылдың аяғы азаматтық институттар қызметiнiң кəсiбиленуiмен ерекшелендi, мұның өзi олардың қоғамдық проблемалардың, қажеттiлiктер мен мұқтаждықтардың түрлi ауқымын шешу жөнiндегi жұмысының тиiмдiлiгiн көтеруге мүмкiндiк бердi. Бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) баспа кəсiпорындарының мемлекет иелiгiнен шығу, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттiк қаржыландыру мен дотациялау жүйесiнен мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзуге арналған мемлекеттiк тапсырысқа көшу процесiне байланысты масс-медиа нарығында сапалық өзгерiстер болды. 1998 жылғы 7 қазанда ел Парламентiнiң Қазақстан Республикасының Конституциясына елдiң сайлау жүйесiне партиялық тiзiмдер бойынша сайлау енгiзудi көздейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi партиялық құрылыс процестерiн жеделдеттi. Сөйтiп, 1998 жылғы желтоқсаннан бастап 1999 жылғы тамызды қоса алғанда, Қазақстанның азаматтық партиясы (ҚАП), Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы (ҚРХП), «Азамат» демократиялық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы (ҚАП), «Отан» республикалық саяси партиясы, Қазақстан əйелдерiнiң демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы, «Алаш» Қазақстанның ұлттық партиясы құрылды. Парламентте партиялық фракциялар пайда болды. 1999 жылы iс жүзiнде барлық өңiрлерде «Yкіметтік емес ұйымдар ақпарат орталықтары» ашылды, олардың басты мiндетi өңiрлiк үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау, оларға консультативтiк көмек, ақпараттық жəне əдiстемелiк қолдау көрсету болды. 2000 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң («Epкін де еңселi əрi қауiпсiз қоғамға» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың түрлi топтарының мүдделерiн iске асырудағы рөлi күннен күнге артып келе жатқан үкiметтiк емес ұйымдарды дамыту үшiн жағдайлар жасау жөнiнде Үкiметке алғашқы тапсырмалар берiлдi. 2000 жылы мемлекеттiк билiк органдарымен (бұдан əрi — билiк) өзара iс-қимыл тетiктерiн жасау үшiн күш-жiгерiн шоғырландыратын Қазақстанның Үкiметтiк емес ұйымдарының (YEҰ) конфедерациясы құрылды. 2000 жылғы желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы əлеуметтiк əрiптестiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңы атқарушы билiк органдарының өкiлдерi, жұмыс берушiлер мен жұмыскерлердiң бiрлестiктерi арасындағы мүдделердiң келiсiлуiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк саясат дəрежесiне көтердi. 2002 жылғы шiлдеде қабылданған жəне күшiне енген «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы елдiң партиялық жүйесiндегi одан арғы сапалық құрылымдық өзгерiстерге алып келдi. 2001 жылы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2002жылы Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдау тұжырымдамасы қабылданды. 2003 жылы ел Үкiметi Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдаудың 2003–2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекiттi, соған сəйкес облыстық (қалалық) бағдарламалар əзiрлендi. Сол жылдың өзiнде-ақ Əлемдiк жəне дəстүрлi дiндер лидерлерiнiң бiрiншi съезi өткiзiліп, оған көптеген көрнектi дiн қайраткерлерi, əр түрлi конфессиялардың өкiлдерi қатысты, «Бейбiтшілік пен келiсiмге» Декларациясы қабылданып, Бейбiтшiлiк пен тұрақтылық форумы құрылды. 2003 жылы Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ə.Назарбаевтың қатысуымен бiрiншi Азаматтық форум өткiзiлдi. Ол үкiметтiк емес сектордың саяси танылуын белгiледi жəне азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылының жүйелi тетiктерi қалыптасуының бастауы болды. 2005 жылы екiншi Азаматтық форум өткiзiлдi, ол елдiң қоғамдық өмiрiне қатысуға бизнес-қауымдастықтардың тартылуына ықпал еттi. Орталық жəне жергiлiктi деңгейлерде «билiк—қоғам» серiктестiгiнiң ұзақ мерзiмдi тұрақты тетiктерiн жəне түрлi үндесу алаңқайларын құру жөнiндегi жұмыс белсендi жүргiзiле бастады. Қорытындысында, 2005 жылғы сəуiрде «Мемлекеттiк əлеуметтiк тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, ол билiк органдары мен YEҰ-ның өзара қатынастарының қағидалық жаңа жүйесiнiң құрылуына мүмкiндiк бердi. 2003–2005 жылдары бiрiн-бiрi алмастыра отырып, азаматтық қоғамды одан əрi Демократияландыру жəне дамыту жөнiнде ұсыныстар тұжырымдау жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес пен Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Демократия мен азаматтық қоғам мəселелерi жөнiндегi ұлттық комиссия жұмыс iстедi.Екi құрылымның да жұмысы мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасында Қазақстанның саяси дамуының аса маңызды мəселелерi жөнiндегi жалпыұлттық үндесудi тереңдету жəне саяси жүйенi жетiлдiру мен елде демократиялық қайтақұруды жүргiзуге бағытталған шараларды бiрлесiп тұжырымдау үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк бердi. 2006 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын əзiрлеу жəне нақтылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құрылды, оның жұмысына саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi қатысады. Барлық деңгейдегi əкiмдердiң халық алдында есеп беруiнiң шеңберiнде елде əкiмдерге қоғамдық сенiм комитеттерi (ƏҚСК) сияқты азаматтық бақылау нысаны дами бастағанын атап өтуге болады. Əкiмдерге қоғамдық сенiм комитеттерiнің жұмысының тəжiрибесi мемлекеттiк органдардың қызметiн азаматтық қоғам институттары бақылауының ықтимал өнiмдi модельдiк тетiгi ретiнде зерделеудi талап етедi. Сөйтiп, өткен жылдары елде азаматтық қоғам институттары — саяси партиялар, коммерциялық емес (үкiметтiк емес) ұйымдар, кəсiподақтар, ұлттық-мəдени бiрлестiктер, мемлекеттiк емес бұқаралық ақпарат құралдарының жəне тұтастай алғанда мемлекеттiк емес секторды бiлдiретiн басқа да институттар қалыптасып, қазiргi уақытта мейiлiнше тез дами бастады. Бүгiнгi күнi Қазақстанда 12 саяси партия, түрлi бағыттағы 5820 YЕҰ, 3340 қоғамдық қор, 1072 заңды тұлғалар қауымдастығы, 471 ұлттық-мəдени бiрлестiк, 40-тан астам конфессиялар мен деноминацияларды бiлдiретiн 3340 дiни бiрлестiк, түрлi меншiк нысанындағы 6646 бұқаралық ақпарат құралдары ресми тiркелiп, жұмыс iстеуде. Осы жəне басқа да азаматтық қоғам институттары елдi одан əрi демократияландырудың маңызды ресурсына айналды. Сонымен бiрге қоғамда азаматтық қоғамның одан əрi өсуiне ғана емес, елдi əлемдiк жаһандану процесiне барған сайын тартып бара жатқан қыр көрсетулерге де байланысты бiрқатар маңызды мəселелер көрiнiс бере бастады. Олар тұтастай алғанда елдегi азаматтық қоғамды одан əрi үйлесiмдi дамытуды тежейдi, оның əр бөлiгi үшiн сипаттамалық ерекшелiктерi бар жəне өз шешiмiн талап етедi. Мысалы, коммерциялық емес ұйымдардың (КЕҰ) мемлекеттiк органдармен тең құқылы азаматтық əрiптестiгi мəселелерi шешiмiн тапқан жоқ. Конкурстық рəсiмдердiң ашықтығын арттыру жəне бағдарламалар мен жобалардың қазiргi кезеңiнде қажеттiлiктердi айқындауда коммерциялық емес ұйымдардың қатысуы үшiн мемлекеттiк əлеуметтiк тапсырысты iске асыру тетiгi жетiлдiрудi талап етедi. Өңiрлердегi, əсiресе ауылдық жерлердегi коммерциялық емес ұйымдар əркелкi дамуда. Тiркеу тəртiбi күрделенген жəне рұқсат беру сипатына ие, тiркеу алымының мөлшерi ұлғайтылған, азаматтардың заңды тұлға болып құрылмаған бейресми бiрлестiктерiнiң мəртебесi туралы мəселе реттелмеген. Бизнес-құрылымдар коммерциялық емес ұйымдардың əлеуметтiк маңызды бастамаларын қаржылық қолдауға нашар қатысуда. Əлеуметтiк қажеттiлiкке қарамастан, елдегi партиялық құрылыс баяу қарқынмен жүруде, партиялардың ролi мен өкiлеттiгi шектеулi. Партиялардың көпшiлiгiнде қажеттi қаржылық жəне материалдық ресурстар, саяси партияларды тiркеу үшiн қол жинау мəселелерi жөнiнде нақты ережелер мен регламент жоқ. Партияларды қайта ұйымдастыру, бiрiктiру жəне қосу мəселелерi заңнамалық реттеудi қажет етедi. Саяси партиялардың сайлау комиссияларын құруға қатысу тетiгi жетiлдiрiлмеген. Кəсiптiк одақтар мемлекеттiң əлеуметтiк-экономикалық саясатын əзiрлеу мен iске асыруға толық көлемде қатыспайды. Ұжымдық шарттар мен келiсiмдер əлi де болса еңбекшiлердiң құқықтарын қорғаудың пəрмендi тетiгiне айналған жоқ. Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бəсекеге қабiлеттiлiгiнiң дамуы нормативтiк- құқықтық жəне экономикалық ынталандыру болмағандықтан, тежелiп отыр. Көптеген бұқаралық ақпарат құралдарының материалдық-техникалық базасы жеткiлiксiз жəне қаржылық қаражаты шектеулi, сондай-ақ мемлекеттiк ақпараттық саясат бағдарламалары шеңберiнде бюджет қаражатына қол жеткiзе алмайды. Бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу, мемлекеттiк органдардан ақпарат, өз хаттары мен өтiнiштерiне жауап алу кезiнде қиыншылық көруде. Журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтық қорғалу деңгейiнiң төмендiгi Қазақстандағы сөз бостандығының шектелуiне əкеледi. Азаматтық қоғам жəне құқықтық мемлекет əрқайсысы салыстырмалы дербес жүйені құрайды. Құқықтық қатынаста олар жалпы жəне тұтас құқықтық жүйенің құрамдас бөліктері ретінде танылады. Құқықтық жүйе олардың өзара байланысы мен өзара əрекеттестігінің белгілі бір кезеңі қызметін де атқарады. Азаматтық қоғам жəне құқықтық мемлекеттің құқықтық жүйемен өзара қатынасы əр түрлі. Азаматтық қоғам — табиғи жəне жеке құқықты құқықтық реттеудің кеңістігі, объектісі, аймағы. Құқықтық мемлекетте позитивті жəне көпшілік құқығының басымдылығы танылады. Бұндай бөліністің шарттылығын да ескерген жөн. Азаматтық қоғам позитивті құқықты, мемлекетпен қабылданған заңдарды елемеуі мүмкін емес, өйткені заң шығару органдарына өздерінің өкілдерін жібереді, олар жеке құқық заңдарын да қабылдайды. Азаматтық қоғам жəне құқықтық мемлекеттің өзара қатынасы белгілі бір дəрежеде көпшілік құқығы нормаларымен реттеледі. Олардың көмегімен мемлекет азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, азаматтық қоғамның көптеген институттарын қорғауды жүзеге асырады. Азаматтық қоғамды одан əрi дамыту мынадай қағидаларға негiзделедi: адам мен азаматтың iргелi құқықтары мен бостандықтарын сақтау; эволюциялық жəне кезеңдiлiк; қоғамдық өмiр салаларында, ең алдымен экономикалық салада, əлемдiк дамудың жаһандық үрдiстерiн ескере отырып, қайта құрулармен бiрге бағдарланушылық; заңның үстемділігi, барлығының бөле жармастан заң алдында теңдiгi; мемлекеттiң iстерiн басқаруға жəне басқа да қоғамдық пайдалы мiндеттердi шешуге Қазақстан Республикасының азаматтары мен олардың өкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуы; елдегi демократиялық процестерге азаматтардың қатысуы үшiн тең мүмкiндiктердi қамтамасыз ету; азаматтарды демократиялық мəдениет мiнез-құлқына тарту; билiк пен қоғамның үндесу мен ынтымақтастық мəдениетiне бейiндiгi. Азаматтардың бiрлестiктерi мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң ешқайсысы да көпшiлiк билiкпен өзара қатынастарда азаматтық бастаманың бүкiл секторының мүддесiн қорғай алмайды. Адам құқықтары мен адами өлшем саласындағы халықаралық шарттар мен пактiлер шеңберiндегi халықаралық-құқықтық құралдарға сəйкес азаматтық қоғам институттарын жан-жақты дамыту əрi олардың мемлекетпен жəне бизнес-секторлармен тең құқылы серiктестiгi үшiн заңнамалық, əлеуметтiк-экономикалық жəне ұйымдастыру-əдiстемелiк базаны одан əрi жетiлдiру азаматтық қоғам дамуының негізгі нысандары болып табылады. Азаматтық қоғамның басты тұжырымдарын негізге ала отырып, мемлекеттегі азаматтық қоғамның негiзгi міндеттерін айқындап көрсетуге болады: адам, оның құқықтары мен бостандықтары басты құндылық болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтiк мемлекет құру; үкiметтiк емес ұйымдар, бизнес-сектор жəне мемлекет арасында үйлесiмдi, тең құқылы əрi серiктестiк қатынастар жүйесiн құру; YEҰ жобаларына бизнес-сектордың қатысуы үшiн экономикалық ынталандырулар əзiрлеу, қайырымдылық пен меценаттықты дамыту;  азаматтық қоғамның   барлық   институттарын  дамыту   үшiн   қолайлы   құқықтық    база қалыптастыру; өмiр сүру сапасының жоғарғы стандарттарына қол жеткiзу, еңбек қатынастарын үйлестiру, халықтың бай жəне кедей жiктерi кiрiстерiнiң арасындағы айырмашылықты қысқарту. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы келесідей міндет мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді: адам құқықтары мен демократиялық бостандықтарды сақтауды; азаматтық қоғам    институттарын   тұрақты    дамыту   үшiн    қолайлы    құқықтары    мен бостандықтарын адамның қоғам алдындағы жауапкершілігiмен үйлестiрудi; қоғамның мемлекеттiк билiк қызметiн тиiмдi бақылауын жүзеге асыруды. Билiк органдары мен азаматтық қоғам ұйымдары арасындағы серiктестiк принциптерi негiзiнде ынтымақтастық мəдениетiн қалыптастыруды; əлеуметтiк қамсыздандырудың тиiмдi жүйесiн құруды; қоғам мен билiк мүдделерiн келiсiмi жүйесiн қалыптастыруды қамтамасыз ететiн азаматтық қоғам моделiн өмiрге енгiзудi көздейдi. Қоғамда атқарылған шаралар нəтижесiнде елде демократиялық мемлекеттiң басты қағидасы — азаматтық қоғамның басты құндылығы ретiнде адам құқықтарын қамтамасыз ету жан-жақты iске асырылады. Кəсiпкерлiк, шағын жəне орта бизнес азаматтық қоғамның экономикалық негiзiн, ал ортаңғы сынып оның əлеуметтiк базасын құрайды.

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin