• 23 ноября, 2024 7:14 пп

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРАН АУДАНЫНДА ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Автор:admin

Сен 3, 2023

Шымкент қаласының басты жоспарына өзгерістер енгізілу барысында тұрғындарға экономикалық ерекшеліктер мен қаламыздың даму көрсеткіштері есепке алынған болатын. Президентіміз атап айтқандай Шымкент Оңтүстіктің бетке ұстар, экономикасы мықты қалаға айналуы тиіс. Бұл жолда мемлекеттік бағдарламалар өз дәрежесінде қызмет етіп отыр. Яғни, қаламызда, 2021-2025 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі басым бағыттары халықтың әл – ауқатын жақсартуды қамтамасыз ету және қазақстандық экономиканың тұрақты моделін құру жөніндегі «Қазақстан-2050» Стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарын одан әрі іске асыру болып табылады. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін тұрақты экономикалық өсуді, әлеуметтік әл-ауқатты және нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ, инфляция деңгейін және бағаның тұрақтылығын үдемелі төмендету жөніндегі міндеттерді шешу жалғастырылады. Бес институционалдық реформа бойынша «100 нақты қадам» және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бойынша Ұлт жоспарын іске асыруды, сондай-ақ Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының негізгі ережелерін ескере отырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтары айқындалған болатын. Бұл орайда шағын аудандардың атқарар жұмыстары аз емес. Соның бірі Шымкент қаласы Тұран ауданындағы 41 көшеге биыл 24 шақырымды құрайтын ирригациялық жұмыстар жүргізу жоспарланған.  Қазіргі уақытта Қазығұрт, Наурыз, 112 орам аумағындағы 9 көшеге жалпы ұзындығы 5,5 шақырымнан тұратын ирригация салынып, пайдалануға берілді.  Олар Қазығұрт елдімекені бойынша Жандарбеков, Төлебаев, Баян ауыл, атауы жоқ көшелер. 112 орамнан Аманжолов, Нарадоволцов, Темірқазық көшелері. Наурыз шағын ауданынан Жанкент көшесі, Түркістан шағын ауданынан Жанқожа батыр көшесі.  Ал қалған 25 көшеде қазір ирригация салу құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасуда.  Сондай-ақ, 8 көшеге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстарды биылғы жылдың қазан айында толығымен аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin