• 24 ноября, 2024 9:58 дп

Шымкент қаласы: Қайтпас шағынауданында 5 көше асфальтталады

Автор:admin

Сен 9, 2023

Қазақстанның ұзақмерзімді экономикалық өсімін қамтамасыз ету үшін хаб қағидаты бойынша тиімді инфрақұрылымды қалыптастыру негізінде еліміздің макроөңірлерін ықпалдастыру арқылы бірыңғай экономикалық нарықты қалыптастыру, сондай-ақ сыртқы нарықтарда жағдаяттың нашарлауы жағдайында экономиканың жеке секторларына қолдау көрсету бойынша дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру. Өткен жылы жол туралы мемлекеттік бағдарламаға белгілі бір түзетулер енгізілді, дегенмен басты мәні өзгеріссіз сақталды. Бүгін біз тек екі аспектісіне: «шұғыла» қағидаты бойынша тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылымды құру; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін және жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту (реконструкциялау және салу) мәселелеріне тоқталамыз. Олардың табысты іске асырылуына ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жауапты. Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында автожолдарды, көлік, азаматтық авиацияны дамыту және жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту саласында жобаларды жүзеге асырып жатыр. Негізгі жобалар — республикалық маңызы бар автожолдарды реконструкциялау және салу. Жалпы пайдаланудағы жолдардың ұзындығы 95,6 мың шақырымды құрайды, оның ішінде республикалық желі — 24,4 мың шақырым, жергілікті желі — 71,2 мың шақырым. Жыл қорытындысы бойынша көлік қозғалысы 528 шақырым жерде ашылады. Ал мегапоисіміздің Қайтпас шағынауданындағы 55 көшенің қазір 50-і асфальтталған, 5-еуіне шағал тас төселген. Биыл осы шағынаудандағы асфальт төселген көшелер санын 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Сондықтан Ер Жәнібек және атауы жоқ №1,2,3,4 көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Шағынауданда биыл 6 көше, атап айтқанда Болашақ, Медеу, Ахметбаев, Дайрабеков, Ақбаев, Ақберен көшелері жарықтандырылады. Келесі жылы Көркем, Тұран, Әмірбеков көшелерін жарықтандыру жоспары тұр. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, аталған шағынаудан интернет жүйесімен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, бұл аумаққа №42, 24,57 бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды. Жалпы Қайтпас елдімекені 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен қамтылған.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin