• 24 ноября, 2024 9:34 дп

Шымкент қаласы: Еңбекші аудынында атқарылып жатқан жұмыстар

Автор:admin

Сен 9, 2023

Шымкент қаласының құрамына енетін Еңбекші ауданында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Мемлекет басшысы міндеттеген тапсырмалардың орындалуын бақылау мақсатында бүгін Шымкент қаласының әкімдігі ауданда атқарылатын жұмыстарға шолу жасады. Ауданда тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау үшін жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Қала басшылығы аудандағы инфрақұрылым жұмыстарының барысымен танысты. Онда Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол аудан аумағындағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі ауыз су, электр жарығы, табиғи газ, жол инфрақұрылымдарымен қамтылғанын мәлім етті. Оның айтуынша, аудан ауыз сумен 94,4%-ға қамтылған болса, мемлекеттік электр жүйесімен қамту көрсеткіші жыл қорытындысымен 95,2%-ға, ал табиғи газбен қамту 86,4%-ға жеткізіледі екен. Аудан тұрғындарының ауыз су жүйесімен қамтылмаған 5,6 пайызы, яғни, 8 тұрғын алаптағы жаңа құрылыс учаскелеріне су жүйесін жүргізу бойынша жобалық сметалық құжат әзірленуде. Жобалаушы мекеме «Конструктор-80» ЖШС-і болып табылады. Тиісті құжаттар әзір болғанда аталған сегіз елді мекенге су кіргізу үшін қаржы бөлуге өтінім беріледі. Бұл жұмыстар келер жылдың еншісінде. 2022-2023 жылдары Қарабастау, Жұлдыз, Бадам, Оңтүстік-Жаңақұрылыс, Қаратөбе, Тоғыс, Жыланбұзған, Айнатас-1 тұрғын алаптарының жаңақұрылыс бөлігіндегі тұрғындарға сапалы су жеткізіледі деп жоспарлануда. Еңбекші ауданына қарасты Жұлдыз тұрғын алабы тұрғындары үшін осы уақытқа дейін сапалы жол мен кәріз жүйесі өзекті болып келді. Мұнда орналасқан 27 көпқабатты тұрғын үй кәріз жүйесіне қосылмаған болатын. Биыл мәселенің шешімі табылып, кәріз құбырлары тартылды. Дәл қазіргі уақытта магистральды құбырға тұрғын үйлерді қосу бойынша абоненттеу жұмыстары басталды. Сондай- ақ кәріз құбырының құрылысы аяқталысымен Асубұлақ көшесіне осы аптада асфальт қабаты төселіп, аяқ жол салынды. Аталған елді мекен тұрғындарымен Еңбекші ауданы әкімі Досбол Күздікбайұлы кездесіп, асфальттау жұмыстарының бірінші қабатын төсеу барысын қадағалады.

– Жұлдыз тұрғын алабының Асубұлақ көшесіне Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «Азия комплекс строй» ЖШС-і асфальт қабатын төсеу және аяқ жол салу жұмыстарын жүргізуде. Мердігерге атқарылып жатқан жұмыстарды сапалы атқаруды, сала мамандарына бұл жұмыстарды бақылауда ұстауды тапсырдым. 27 көпқабатты үйге орталықтандырылған кәріз құбыры тартылды. Сонымен қатар аталған елді мекенге қатынайтын 191 бағытындағы автобустың шағындығына тұрғындар тарапынан жиі шағым айтылатын. Тұрғындардың өтінішін ескере отырып 1 қыркүйектен бастап тиісті мекемелер 191 бағытындағы шағын автобустарды үлкеніне ауыстырды,– деді Досбол Күздікбайұлы. Айта кетейік, осы елді мекен маңында жаңадан салынып жатқан 2 Жаңақұрылыс тұрғын алабы бар. Бүгінгі таңда ол тұрғын алаптарына да инфрақұрылым жүйелері үшін қаржы қаралып, жұмыс жүргізілуде. Аудан әкімінің мәліметінше, аталған Жаңақұрылыста инфрақұрылым жүйелері толығымен 2025 жылы аяқталмақ.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin