Өткен 2022 жылдың қорытындысымен қаладағы 81 шағынауданның 50-іне табиғи газ жеткізілсе, 27 шағынаудан жартылай, 4 елді мекен – Қайнарбұлақ, Тәуелсіздікке 20 жыл, Сәуле 276 орам және Айкөлдің жаңақұрылысы мүлдем қамтылмаған еді. 2023 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша, Тұран (3 кезек) мен Асар-2 шағынауданында құрылыс аяқталды. Жыл соңына дейін Тассай, Сәуле 276 орам, Солтүстік саяжай және Бозарық шағынауданындағы 74 гектар аумақтың құрылысын аяқтау жоспары бар. Осылайша жыл қортындысымен газ жеткізу көрсеткіші 94-тен, 96 пайызға өседі. Сондай-ақ, Ынтымақ-2 шағынауданында мердігер мекеме анықталып, газ құбырын тарту құрылысы басталып кетті. Аталған аумақтағы жұмыстар 2024 жылы пайдалануға берілмек. Ал. Қайнарбұлақтың 1, 2 кезең құрылысы үшін қаражат толық бөлінсе, мұнда да жұмыстар келер жылы аяқталуы күтіліп отыр. Шымкент қаласында орталық маңызы бар 747 көшенің 472-сі жарықтандырылған екен. Бұл көшелердің 137-сі 2021 жылы, 115 көше 2022 жылы мемлекеттік жекешелік-әріптестік аясында жарықтандырылып, қамтылуы 29,5 пайыздан 63 пайызға өскен. Басқарма басшысының айтуынша, биылғы жылы 104 көшеге жарық шамдар орнатылады. Жырты жылдықтың қорытындысы бойынша, жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, 49 көшеде құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы, жыл соңына дейін жоспарланған көшелерге жарық диодты шамдар орнатылып, қамту көрсеткіші 70 пайызға жетпек. Жылдан жылға Шымкент халқының саны артуынан шағынаудандар жанынан жаңақұрылыс аумақтары ашылып, ол жерге инжинерлік-инфрақұрылым жүйесін тарту мәселесі туындайды. Басқарма осы мәселе төңірегінде 2022-2023 жылдарға арналған жоспар түзіп, 380,8 млн теңгелік 9 нысанға жобалау-сметалық құжат әзірлеу үстінде. Өткен жылы қала бюджетінен 58 млн қаржы бөлініп, оған бір нысанда, яғни, Сайрам шағынауданында үш кезек негізінде ауыз су тарту құрылысы жүргізілді. Биылғы жыл үшін 7 нысан, атап айтқанда Құрсайдың жаңақұрылыс аумағына электр мен газ, Гидрогеолог шағынауданына ауыз су, электр және табиғи газ, Жұлдыз бен Жалын елді мекені , Қаратөбе, Қарабастау, Еламан және .Тәуелсіздікке 20 жыл шағынаудандарының жаңақұрылыс аумақтарына табиғи газ құрылысына 191,5 млн теңге қаржы қаралып, бүгінде құрылысы жұмысы жүргізіліп жатыр. –Ал, қалған бір нысан – «Қызылсу» 220/110/10 кВ электр тарату станция құрылысын аяқтауға тағы 131,3 млн теңге қаржы керек. Сондай-ақ, өткен 2022 жылы қала әкімінің елді мекендерді аралап, халықпен кездесу барысында берілген тапсырмасына сәйкес, инжинерлік жүйе тартылмаған 6 нысанға жобалу құжат әзірлену үстінде. Оның ішінде 4 нысан – Айқап, Ынтымақ-2, Асар-2, Бозарықтың жаңақұрылысының жобасы аяқталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қалған Ақжайық пен Таскеннің жаңақұрылысының жобасы жыл соңына дейін аяқталады, — дейді басқарма басшысы. Бір ауыз сөзбен айтқанда, шағын ауданның негізгі бөлігі бола ма, жаңа құрылыс аумағы бола ма, барлығына да кезең кезеңімен инфрақұрылым желілері жеткізіледі. Бұл мәселеде ешкім елеусіз қалмайды деген сөз.
Jsk ақпарат орталығы