• 24 ноября, 2024 8:42 пп

Шымкент қаласы: Еңбекші ауданындағы апатты деп танылған «Текесу» каналынан өтетін көпір қайта құрылып, пайдалануға берілді.

Автор:admin

Сен 13, 2023

Қолданыстағы бұл көпір 1993 жылдары салынған. Ұзындығы 10 метр, ені 6 метрді құрайды. Қайта құру жұмыстары демеуші есебінен жүргізілді. Еске салсақ, осы жылдың шілде айында Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек Жұлдыз тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу барысында «Текесу» каналынан өтетін көпірдің апатты жағдайда екендігі айтылып, тұрғындар көпірді қалпына келтіріп беруді айтқан болатын. Тұрғындар көтерген мәселені шешу мақсатында аудан әкімі қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасовпен бірге аталған көпірдің жағдайын зерделеп, қайта құруға шешім қабылданған болатын. Қазіргі таңда «Текесу» каналынан өтетін апатты көпір қайта құрылып, тұрғындардың өтініші орындалып отыр. Ендігі кезекте Қарабастау тұрғын алабындағы канал үстінен өтетін көпірді қайта құру жоспарда бар. Аудан әкімі тұрғындардың өтініші басты назарда екенін және барлық жұмыстар халықпен келісіліп атқарылатынын айтуда. Қоғамдық ұдайы өндірістің дамуында материалдық және әлеуметтік инфрақұрылымның алатын орны алдыңғы қатардағы өзекті мәселелердің бірі екендігі анық. Олар бүгінгі таңдағы ауқымды экономикалық өзгерістер кезеңінде қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сондықтан да әлеуметтік, экономикалық және т.б. күрделі мәселелерді шешуде инфрақұрылымды дамыту және оны жетілдіру — бүгінгі күннің басты талабы. Инфрақұрылым қоғамдық ұдайы өндіріс үрдісі құрылымында, адами ресурстар мен капитал салымдарының айтарлықтай бөлігін қамтуда және қоғамдық, халықаралық еңбек бөлінісін арттыруда маңызды орын алуда. Сонымен қатар, күрделінген және кеңейтілген қоғамдық және мемлекетаралық қатынастарға қызмет көрсетуге бейімделген әлемдік шаруашылықтағы интеграциялық процестерді күшейтуге зор ықпалын тигізеді. Инфрақұрылым әлеуметтік-экономикалық жүйенің қалыпты қызметін жүзеге асыратын, әрі қамтамасыз ететін қосымша салалар кешенін құрайды. Инфрақұрылым бірыңғай рыноктық механизмнің негізгі жүйесі ретінде әрекет ете отырып, ол экономиканың барлық салаларын, еліміздің экономикалық аудандарын, облыстарын, аймақтарын біріңғай қызмет атқаруын байланыстырады. Инфрақұрылымның даму жағдайы мен деңгейі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өсу қарқынына белгілі бір әсер етеді және  халықтың әл-ауқатының өсуі мен тұрмыс деңгейінің елеулі жақсаруын әлі де қамтамасыз етеді.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin