• 21 ноября, 2024 10:45 пп

ТҮРКІСТАН: РЕВАКЦИНАЦИЯ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Автор:admin

Янв 20, 2022

Бүгінгі таңда түркістандықтар коронавирусқа қарсы
вакцинаның I компонентімен толық қамтылды. Екпенің II компонентін алғандар саны — 1036792 адамға жетті. 64993 азамат ревакцинацияланды.

Бүгін Түркістан қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Абдушукур Егизбаев коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинация алды. Түркістан қалалық емханасына барып, «pfizer» екпесін салдырды. Ревакцинациядан соң 30 минут медициналық бақылауда болды, жағдайы жақсы.

«Бүгін өзім де ревакцинация алдым. Тұрғындарды екпенің үшінші кезенің салдырып, қауіпті індеттен сақтануға шақырамын» — деді Абдушукур Егизбаев.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, вакцинаның екі компонентін салдырған адамның ағзасында ковидке қарсы антиденелер қалыптасады. Екпеден кейін қалыптасқан иммунитет арада бірнеше уақыттардан кейін төмендей бастайды. Ал ревакцинация ағзада қалыптасқан иммунитетті қайта қалпына келтіріп, инфекциядан қорғану жүйесін арттырады. Сондықтан үшінші кезең бойынша екпе алатындарға бір ғана дозадан вакцина салынады.
Айта кетейік, үшінші доза алғашқы екі дозадан кейін 6 ай өткен соң салынады.

Jsk  ақпарат

Автор: admin