• 25 ноября, 2024 7:18 дп

Шымкент қаласының әкімі жекеменшік мектептерді тексеруге барды

Автор:admin

Янв 22, 2022

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар білім беру мекемелерінің оффлайн режиміне өту дайындығын тексерген.

Қала активі алдымен «Мирас» шағынауданындағы «AI SCHOOL» жекеменшік орта мектебіне барған.
2021 жылы ашылған оқу ордасында оқушылар 1 ауысымда білім алып жатқан көрінеді. Мектеп мультимедиалы-лингофонды кабинетпен, интерактивті тақтамен, барлық қажетті құралдармен жабдықталып, оқушылар үшін барлық жағдай жасалғанын аңғаруға болады.

Шымкент қаласында 2022 жылдың 24 қаңтарынан бастап меншік нысанына қарамастан білім алушылар саны 600-ге дейінгі барлық бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін мектептерде оқыту штаттық форматта жүргізіледі.

Меншік нысанына қарамастан білім алушылар саны 600-ден асатын бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін мектептерде оқыту бір ауысымда мектептің жобалық қуатының 50 %-нан аспайтын толымдылықпен штаттық форматта жүргізіледі.

Бұл ретте 1-4 сыныптарда (халықаралық мектептерде 1-6 сыныптарда) оқытуды штаттық форматта ұйымдастыруға басымдық беріледі.

Қала әкімі мектепте карантиндік талаптарды сақтап, оффлайн режимінде оқу процесін жүйелі ұйымдастыруды тапсырды.

Jsk ақпарат

Автор: admin