• 22 сентября, 2024 11:36 дп

Шымкент : Әл-Фараби ауданында ауыз су мәселесі толық шешілді

Автор:admin

Окт 2, 2023

Бүгінгі таңда Әл-Фараби аумағына қарасты елді мекендерді ауыз су жүйесімен қамту көрсеткіші  100% құрады. Аталған жұмыстар Шымкент қаласын дамытудың жоспары аясында атқарылды. Әл-Фараби ауданы әкімдігі өкілдері жуырда екі елді мекеннің тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізді, дейді. Солардың бірі  Сәуле шағынауданы «Жаңабазар» көшесінде өткен жылы су құбырлары тартылып,  қалып кеткен 40-тан астам үйге сапалы ауыз су жетті. Құрылыс жұмыстары «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК тарапынан жүргізіліп, тіршілік нәрі тұрғындардың игілігіне берілді. Сонымен қатар, Текесу елді мекенін ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары «Жаңару» мердігер мекемесі тарапынан жүргізілді. Қазіргі таңда, құрылыс аяқталып, абоненттеу жұмыстарынан кейін су берілді. Жалпы Текесу елді мекенінде 140 шаңырақ бар. Шымкенттегі өзекті мәселелердің бірі – инфрақұрылымдық даму. Қала мегаполис статусын алғалы бері оның ауқымы кеңейіп, жаңа шағынаудандар пайда болған. Оларды ауыз сумен, кәріз желісімен, электр энергиясымен қаматамасыз ету – қала әкімдігінің алдында тұрған негізгі міндет. Осы міндетті орындау мақсатында қандай жұмыстардың атқарылып жатқанын Шымкент әкімдігінің салаға жауапты басшылығы ОҚК алаңында өткен брифинг барысында айтып берді. Әкімнің сөзінше, қалада 3 елдімекен ауыз суды кестемен қолданады. Биыл 8 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде қамту деңгейі 98%-дан 99%-ға артады. Жоспар бойынша 2023 жылы ауыз су мәселесі толығымен шешіледі.

Қалада 81 тұрғын алап пен шағын аудан бар. Оның 62-сі кәрізбен қамтылмаған. Қолданыстағы шайынды су тазарту кешенінің қуаты жетпей жатыр. Осы жылы 7,3 млрд.теңге 19 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде кәріз жүйесімен қамту деңгейі 54 пайыздан 60 пайызға жетеді. Даму жоспары бойынша 2025 жылы кәрізбен қамту көрсеткішін 75 пайызға жетпек. Ал, 8 елдімекенде электр энергиясының сапасы төмен. Биыл 16 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде қамту деңгейі 97 пайыздан 99 пайызға жетеді. Халықты сапалы электрмен қамту мәселесі 2025 жылы толығымен шешіледі. Сондай-ақ, 31 елдімекен газ қуаттылығының жеткіліксіздігі себебінен жартылай қамтылса, 8 елдімекен газбен мүлдем қамтылмаған. Ағымдағы жылы газбен қамту бойынша 6 млрд. теңгеге 18 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде қамту деңгейі 93%-дан 94,7%-ға артады. Табиғи газбен қамту мәселесі 2025 жылы толық шешіледі. 747әлеуметтік маңызы бар көшелердің 324-і жарықтандырылған. Осы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында 102 көшеге жарық тартылады. Нәтижесінде жарықтандыру деңгейі 43 пайыздан 57 пайызға жетеді. 2025 жылы 75 пайызға жеткізу көзделген.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin