• 25 ноября, 2024 6:36 дп

Шымкент қаласының орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендерді дамыту мәселесі басты назарда.

Автор:admin

Окт 3, 2023

Бүгін Батыс шағын ауданының тұрғындарымен кездескен қала әкімдігінің басшылығы осылай деді. «Мемлекет басшысы әрдайым бірінші кезекте халықтың жағдайын ойлап, олардың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруын басты назарда ұстайды. Тұрғандардың жайлы өмір сүруі үшін жасалатын жұмыстардың бірі коммуналдық — инфрақұрылымды дамыту. Бұл мәселе Сіздер тұрып жатқан шағын ауданда кезең-кезеңімен шешімін табуда. Өткен жылы мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-гімен ұзындығы 151 шақырымды құрайтын ауыз су құбыры тартылып, бүгінде  10 мыңға жуық тұрғын таза сумен қамтылып отыр. Мұндағы халық бұған дейін ауладағы құдық суымен және тасымалды суды пайдаланып келген. Шалғайдағы шағынауданға ауыз сумен қоса көгілдір отын және жарық жүйесіде тартылуда. Бұл инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары биыл аяқталып, батыстықтар сапалы электрге және көгілдір отынға қол жеткізеді. Бүгінгі таңда Құрсай елдімекенінде екі кезеңнен тұратын жобаның 80 пайыздан астам құрылыс жұмыстары аяқталып, 270 шақырым су құбыры орнатылды. Қайнарбұлақ тұрғын алабына ауыз су құбырын тарту құрылысы 2024 жылға өтпелі. Осы жылдың қорытындысымен  Құрсай,  Асар-2, Текесу елдімекендері мен Нұртас су жинақтағыш имаратының құрылыс жұмыстары аяқталады. Нәтижесінде қала тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 99%-ға жетеді. Жоспарға сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындары 2023 жылы 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылады. Биыл Шымкент қаласы Текесу елдімекені сапалы ауыз сумен қамтылады, деп хабарлайды jsk.kz. Еңбекші ауданына қарасты Текесу елдімекенін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары биыл басталған. Ұзындығы 13,8 шақырымдық су құбырының бүгінде 12 шақырымы орнатылды. Қазір құрылыс жұмыстарының 80 пайыздан астамы аяқталды. Жыл соңына дейін толығымен пайдалануға беріліп, 200 тұрғын үй сапалы ауыз сумен қамтылмақ. Жыл қорытындысымен Құрсай, Асар-2, Текесу елдімекендері мен Нұртас су жинақтағыш ғимаратының құрылысы аяқталады. Нәтижесінде қала тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 99 пайызға жетеді. Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы ұсынған мәлімет бойынша, қалада өткен жылы 14 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілген. 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша,барлығы 10 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталған. Нәтижесінде Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан және Ақтас-2, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас елді мекенінде ауыз су мәселесі түбегейлі шешілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 95,6%-дан, 98%-ға өскен. Сонымен қатар, 3 магистралды суаққының құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Аталған басқармалардың дерегінше, қазіргі таңда қаладағы 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Ал қалған Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алабына ауыз су кестемен беріледі. 2022 жылы 4 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 98%-дан, 99%-ға өседі деп күтілуде. Сондай-ақ, Сайрам елді мекенін сапалы ауыз сумен қамту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, құрылыс жұмыстары осы жылы аяқталады. Ал, Асар 2-нің жаңақұрылысының сумен қамтылуы келер жылға өтпелі. Алдағы жылдың жоспары бойынша 3 магистралды суаққы салынып, қолданысқа берледі. Осы айтылған жұмыстар уақытында орындалар болса, 2023 жылы миллионды қаланың ауызсумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетпек.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin