• 22 сентября, 2024 9:29 пп

Шалғай аудандарға ауыз су тарту мәселелері қаралды

Автор:admin

Окт 5, 2023

Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшылығы қала әкімдігінің «Instagram» парақшасында өткен тікелей эфирде тұрғындар сауалына жауап берді. Тікелей эфирде қаланы инженерлік инфрақұрылыммен қамту жұмыстарының барысын баяндады. 2023 жылы қаланы осы бағытта қамтамасыз ету бойынша 85 жобаға қаржы бөлінді. Басқарма басшылығының айтуынша, өткен жылы 19 нысанның (17 елдімекенде) және 2 магистралды суаққының құрылысы аяқталып, 34 мыңға жуық адам (12500 абонент) сапалы ауыз сумен қамтылды. 2023 жылы 3 магистралды суаққының және 9 елдімекендегі (Ынтымақ-2, Асар-2, Батыс, Тұран, Солтүстік Саяжай, Жаңаталап, Нұртас, Сәуле 276 орам, Ақтас шағынауданы) ауызсу нысандарының құрылыс жұмыстарын аяқтап, ауызсумен қамтамасыз ету көрсеткішін 98 %-ға жеткізу жоспарлануда.

– Қазіргі таңда қалада 81 елдімекеннің 18-і (559,5 мың адам) кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген. 19 нысанның құрылыс жұмыстары басталды. Биыл 4 елдімекеннің және 1 магистралды кәріз коллекторының құрылысы аяқталады. 81 елдімекеннің 65-і сапалы электрмен қамтылса, 16 елдімекенде электр қуаты сапасыз болып тұр. Биыл 3 қосалқы стансаның және 7 елдімекенде құрылыс жұмыстары аяқталады. 20 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылады, – деді басқарма басшысы. Басқарма басшылығы Ынтымақ, Достық, Қайнарбұлақ, Шымсити шағынауданы тұрғындарының ауыз су, жарық және табиғи газ бойынша қойылған сауалдарына жауап берді. Жалпы тікелей эфирге 800-ден астам қала тұрғыны қосылды. Абай ауданында жалпы 34 елді мекен болса, оның бүгінгі күнге 24-і ауыз сумен қамтылған. Яғни, тұрғындардың 71% сапалы ауыз сумен қамтылып отыр. Бұл туралы аудан әкімі Б.Парманов қала әкімдігінің «Instagram» және Facebook парақшасында өткен тікелей эфирде мәлімдеді. Оның айтуынша, ұңғыма және тасымалды ауыз су пайдаланып отырған 10 елді мекеннің 8-де биыл ауыз су құрылысы жүргізіліп, нәтижесінде 25 мыңға жуық тұрғын таза сумен қамтылады. Оның ішінде 4 елді мекеннің тұрғындарына ауыз су жүйелерін қосу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда: «Игілік», «Қызылжар», «Көкбұлақ», «Тәуелсіздікке 20 жыл». Қалған 4 елді мекеннің яғни, «Жаңаталап», «Ынтымақ-2», «Жаңа Тұрлан», «Солтүстік саяжай» (Нұршуақ) құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталады. Келер жылға өтпелі екі елді мекеннің (Ақтас-2, Құрсай) ЖСҚ-н дайындауға — 48,6 млн. теңге бөлініп, «Ұлмад» ЖШС тарапынан жоба дайындалды.  2021 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бір сағатқа созылған тікелей эфирді 1500-нан астам қала тұрғындары қарады. Осы уақыт ішінде аудан тұрғындары тарапынан ауыз су, газбен қамту, сапалы электрмен қамту және жол мен қоғамдық көлік мәселесіне қатысты 100 ден астам сұрақтар келіп түсті.  Аудан әкімі  сауалдардың көпшілігіне толық жауап беріп өтті.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin