• 26 ноября, 2024 2:37 дп

Бадам тұрғын алабындағы 100 отбасы жақын күндері сапалы ауыз суға қосылады және «Жаңаталап» тұрғын алабындағы ауызсу жүйесі құрылысының барысы бақылауда

Автор:admin

Окт 5, 2023

Шымкент әкімдігінің салаға жауапты орынбасары «Бадам-1» тұрғын алабының инфрақұрылым жүйелерінің жағдайымен танысып, сол аумақтың тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар кездесуде өткен жылы құрылысы аяқталған ауыз суды қосу мәселесін көтерді. Жалпы Бадам-1 шағын ауданында 5 мыңға жуық тұрса, оның ішінде 100 отбасы жаңақұрылыс бөлігінде тұрады. Осы бөліктегі тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың мамыр айында құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Ынтымақ Бес Арыс» жүргізген болатын. Ауыз су құрылысының пайдалануға берілгеніне алты айға жуық уақыт болса да, әлі күнге дейін суға қосу жұмыстары жүргізілмеген. Қала әкімі туындаған мәселені шешу жолдарын қарастырып, тиісті сала басшысына нақты тапсырмаларды міндеттеді. Ал, Бадам -2 жаңақұрылыс аумағын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында «Лидер Строй Проект» ЖШС тарапынан жүргізілген құрылыс жұмыстар аяқталып, қазіргі уақытта тұрғындарды суға қосу жұмыстары жүргізілуде. Суға қосу жұмыстары мамыр айының соңына дейін аяқталатын болады. Абай ауданындағы бірқатар тұрғын алаптардың инфрақұрылым жүйелерінің және жеке кәсіпкерлік нысандарының құрылыс барысымен танысты. Шаһар басшысы алдымен «Жаңаталап» тұрғын алабындағы ауызсу жүйесі құрылысының барысын бақылады. Жаңаталап елдімекенін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталған болатын. Мердігер мекеме «СМК и Ж-7» ЖШС қазіргі уақытта жұмыстың 70 %-н аяқтады. Ұзындығы 86,1 шақырым ауыз су құбырының құрылысы тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда. Нәтижесінде, Жаңаталап елдімекеніндегі 5196 абонент сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Айта кетейік сондай-ақ Сайрамсу өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары аяқталды. 2020 жылдың 9 сәуірінде Шымкент қаласы әкімінің шешімімен Сайрам және Базарқақпа тұрғын алаптарында Сайрамсу өзенінде жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған еді. Сайрамсу өзенінің жағалауын су шайып кету салдарын шектеу және жою қажеттілігіне байланысты осындай шешім қабылданған. Қала әкімдігінің төтенше резервінен Сайрамсу өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарына қаржы қарастырылды. Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгінде жоспарланған жұмыстар толық көлемде орындалды. Сайрамсу өзенінде қауіптің болмауына байланысты қала әкімі аппаратымен жарияланған төтенше жағдайды жабу туралы шешім дайындалдып, ҚР Әділет министрлігіне жолданды.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin