• 22 сентября, 2024 11:22 пп

Шымкент қаласы ауызсумен қамту жұмыстарын күшейтті

Автор:admin

Окт 6, 2023

Құрылыс талаптарын қатаң сақтап, сапасыздыққа жол бермеуді ескертті. Шымкент қаласының әкімдігі халыққа қолайлы жағдай жасау үшін ауызсумен қамту жұмыстарын күшейту қажеттігін тапсырды. Бүгін қала әкімдігінің сала басшылары Сайрам тұрғын алабында болып, атқарылып жатқан құрылыс барысын қадағалады. Жобалаушы мекеменің 3 кезеңнен тұратын жобалау – сметалық құжаттамасының сараптама қорытындысы алынып, қазір мердігер компания құрылысқа қызу кіріскен. Шымкент қаласы әкімдігі жауаптыларға құрылыс талаптарын қатаң сақтап, сапасыздыққа жол бермеуді ескертті. Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін жұмыстарды күшейтіп, нысанды мерзімінде қолданысқа беруді тапсырды. Қазіргі таңда Шымкентте 81 елдімекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елдімекендерінің тұрғындары әзірге кесте бойынша ауыз су тұтынады. Қайнарбұлақ елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 329 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері жүргізілуде. Бүгінге дейін мұнан бөлек 170 шақырым құбыр тартылып жұмыстың 75%-ы орындалған. Биылғы жылдың соңына қарай жобаны толық аяқтау межеленген. Қала әкімдігі мердігер мекемелерге жұмысты ширатуды, әрі соған сай сапалы орындауды тапсырған болатын. Ал «Сайрам» тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 3 кезеңнен тұратын жобалау- сметалық құжаттамасы әзірленген, Атап айтқанда жобалаушы мекеме «Батыс Алға LTD» ЖШС тарапынан 1 және 2 кезеңнің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған. Бүгінде мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары басталып кетті. Қалған 3- кезеңге жобалаушы мекеме «Redline Pro» ЖШС-гі тарапынан жобалау- сметалық құжаттамасы да әзірленген. Қазір мердігер мекеме “Мелиоратор” ЖШС-гі тарапынан құрысылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары осы жылдың соңында аяқталып, пайдалануға беріледі. Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін 6 нысанның да құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі және нәтижесінде 72 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады. Бүгінде мегаполис елдімекендерін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 6 нысанда су құбырларын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Олар — атап өткендей Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумағы. Жоспарға сәйкес жылдың қорытындысымен аталған 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 72 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады. Осылайша биыл Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5% — дан 100% — ға дейін артатын болады.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin