• 24 ноября, 2024 6:28 пп

Шымкент: Қайнарбұлақтағы ауызсу құбырының құрылысын сапалы орындауды тапсырды

Автор:admin

Окт 6, 2023

Халықты ауызсумен қамтамасыз ету үшін 2021-2025 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 498 млрд теңге жұмсалмақ. Ұлттық жоба шеңберінде 2021-2025 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 498 млрд теңге, оның ішінде ауылдық елді мекендерге 261 млрд теңге бөлу көзделуде. “Ағымдағы жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу мен реконструкциялауға 151,4 млрд теңге, оның ішінде қалаларда – 77,3 млрд теңге, ауылдарда – 74,1 млрд теңге көзделген», — деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов. Оның айтуынша, 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ел халқының 95% сапалы сумен жабдықтау көзделген, бұл көрсеткішті қалада – 98%, ауылда – 91,8% жеткізу жоспарланған. Қазіргі таңда Қайнарбұлақта ауыз су кесте бойынша шектеулі уақытпен беріледі.​Шымкент қаласы Қайнарбұлақ елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шымкент қалалық Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ елдімекенінде 60 мыңнан аса халық қоныстанған. Қазір аталған елдімекенде бірнеше инфрақұрылым жүйесі қатарынан тартылуда. Қала әкімдігінің салаға жауапты басшылығы Қайнарбұлақтағы осы инженерлік-инфрақұрылымдық жұмыстардың жай-күйін білу мақсатында нысандарды аралауға шықты. Қазіргі таңда Қайнарбұлақта ауыз су кесте бойынша шектеулі уақытпен беріледі. Сондықтан Қайнарбұлақ елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 329 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері жүргізілуде. Бүгінге дейін мұнан бөлек 170 шақырым құбыр тартылып жұмыстың 75%-ы орындалған. Биылғы жылдың соңына қарай жобаны толық аяқтау межеленген. Қала әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері мердігер мекемелерге жұмысты ширатуды, әрі соған сай сапалы орындауды тапсырды. Сондай-ақ, Қайнарбұлақ елдімекенінде электр қуатын тарату бекетіндегі 35 трансформатор бойынша 50 шақырым электр желісінің құрылысы аяқталды. Нәтижесінде жаңақұрылыс аумағында 2 760 абонент сапалы электр жарығына қосылуға мүмкіндік алды. Қазір мұнда абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл нысандар іске қосылған жағдайда Қайнарбұлақ электр қуатымен 100% қамтылады. Жалпы қала аумағында шағынаудандарды сапалы жарықпен қамту бойынша қосалқы стансаның және 4 нысанның құрылыс жұмыстары қолға алынған. Жыл соңына дейін электр қуатымен қамту көрсеткішін 98%-дан 99 %-ға жеткізіледі. Сонымен бірге Қайнарбұлақ елдімекенін табиғи газбен қамту жұмыстарын «Отау Строй» ЖШС-і мойнына алған, қазір мердігерлік мекеме тарапынан құрылыс кестеге сай жүргізілуде. Елдімекенге табиғи газ құбырын тарту жұмыстарының жобасы ауқымды болуына орай газдандыруды 2024 жылы аяқтау жоспарланған.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin